Janus Worldwide аударма компаниясы The Slator 2019 Language Service Provider Index (LSPI) рейтингінің топ-50 тізіміне енді. Рейтингке қатысушылар 2017 және 2018 жылдардағы кірістер мен нарықтық қызмет нәтижелері негізінде таңдалған. Janus Worldwide 18,4 % деңгейіндегі өсім көрсеткішімен және 2018 жылы 23,6 миллион доллар және 2017 жылы 19,9 миллион доллар ақшалай түсімімен рейтингте 31-орынды иеленді.
Рейтингке кірген компаниялардың жалпы ақшалай түсімі 2018 жылы 17,3 %-ға өскен және 5,7 миллиард долларды құрады, алайда осы өсімнің айтарлықтай бөлігі бірігулер мен жұтылудан болған консолидациямен түсіндіріледі.
Janus Worldwide компаниясы керемет өсім деңгейін көрсетті және тоқтап қалмақ емес: ағымдағы жылға және стратегия аясында алдағы бірнеше жылға жоспарланған сандық және сапалық оң өзгерістер өз жемісін беретіні сөзсіз, ал ақырғы нәтижесі өзіндік технологияларды, әдістер мен шешімдерді жетілдіру және клиенттеріміз бен серіктестеріміздің қанағаттанушылық деңгейін айтарлықтай арттыру болмақ.