Janus Worldwide компаниясы ресейлік жетекші жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында үздік аударма бойынша жыл сайын өтетін дәстүрлі байқаудың қорытындысын жариялады. Биыл конкурс 17 наурыз бен 17 сәуір аралығында өтті және ол әсіресе бакалавриаттың жоғарғы курс студенттері мен магистратура студенттеріне бағытталды. Дегенмен жазбаша аудармада өздерінің шеберлігін көрсеткісі келген және барлығымен қатар жеңіске ұмтылған бакалавриаттың бірінші, екінші және үшінші курс студенттерінің де жұмыстары қабылданды.
Конкурс қатысушыларына компания ұсынған кез келген тақырыпқа (қатысушының қалауы бойынша бір немесе бірнеше) жазбаша аударма жасау мүмкіндігі берілді. Әркім өзіне жақын әрі таныс тақырыпты тауып, қабілетін көрсете алды.Биыл конкурсқа ВГУ, МГИМО, МГЛУ, МГУ, Н. А. Добролюбов атындағы НГЛУ, А. И. Герцен атындағы РГПУ және СПбГУ сияқты жоғарғы оқу орындарының 35-тен астам студентінен 60-тан аса жұмыс келіп түсті. Қатысушылардың жан-жақтан қатысып жатқанына қуаныштымыз. Бұл жолы «косметика», «туризм», «ойындар» және «экономика (публицистика)» тақырыптар көбірек таңдалды.
Қатысушылардың танытқан қызығушылықтары мен үлкен ынтасына алғыс білдіре отырып, Janus Worldwide ұжымының пікірінше тамаша нәтиже көрсеткен конкурс жеңімпаздарының атын атаймыз:
- Павлова Марина, МГУ, тақырыбы — «экономика (публицистика)»;
- Романова Елизавета, СПбГУ, тақырыбы — «заң»;
- Гордеевцева Дарья, НГЛУ им. Н. А. Добролюбова, тақырыбы — «косметика»;
- Кессо Анна, НГЛУ им. Н. А. Добролюбова, тақырыбы — «қаржы», «туризм»;
- Василенко Ксения, ВГУ, тақырыбы — «косметика».
Конкурс жеңімпаздары сыйлықтар алады және компанияда тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады: Janus Worldwide ұжымы өз білімін бөлісуге әрдайым қуанышты және қажетті дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Аударма мен локализация әлемі сізге қызық болады деп сенеміз.
Жүлде алмаған конкурс қатысушыларынан ренжімеуді сұраймыз және таңдаған мамандық бойынша жетіліп, оның жаңа қыр-сырын меңгеруге шақырамыз.