Janus Worldwide аударма компаниясы жан-жақты үздіксіз жетілу жолын жалғастыра отырып, ұсынылатын қызметтер портфолиосының кеңейгені туралы хабарлайды! Біз тілдік, кеңістіктік, уақыттық және техникалық кедергілерсіз коммуникация жүргізудің абсолютті жаңа мүмкіндігін ашатын Janus ConfCall шешімін қуана ұсынамыз.
Janus ConfCall шешімімен қатысушылардың ағымдағы орны мен саны, қолданатын құрылғылары, іс-шара тілдеріне қарамастан және қосымша бағдарламалық құрал орнатпай, кез келген ыңғайлы уақытта әріптестермен, клиенттермен немесе серіктестермен веб-конференцияны бұлттық платформада сәтті жүргізу өте ыңғайлы болады.
Janus ConfCall шешімінің негізгі артықшылықтары мыналар:
- ауызша аудармашыларды кез келген тілдік жұпта және кез келген тематикада қосымша шығындарсыз тарту мүмкіндігі;
- конференцияны жазып алу және JanusWorldwide ұжымының кейін толық жазып шығуы;
- құпиялылық пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейі;
- керемет байланыс сапасы;
- Janus Worldwide ұжымының техникалық қолдауы;
- логистикалық шығындардың болмауы;
- ыңғайлы, интуитивті түрде түсінікті пайдаланушы интерфейсі;
- кездесулерді ыңғайлы жоспарлап, шақыртулар жіберуді қамтамасыз ететін танымал кеңсе қолданбаларымен интеграциялау.
Janus ConfCall жаңашыл әрі қызметінде заманауи технологияларды барынша қолданатын компаниялар үшін өте тартымды құрал болып табылады.