Janus Worldwide компаниясы өркендеп, дамыған сайын, қызметкерлердің саны да тиісінше артуда: қазіргі уақытта тек мәскеулік кеңсенің ұжымы 100 адамнан асады. Өткен жылы желтоқсан айының соңында компанияның Мәскеудегі өкілдігі Мәскеудің орталығындағы қаланың беделді аудандарының бірі — Замоскворечьеде орналасқан жаңа кеңсеге көшті. Енді компания кеңсесі мына мекенжай бойынша орналасқан: Пятницкая к., 71/5 үй, 2-құрылыс, 2-қабат, 203-жай.
Жаңа кеңсе — ауданы үлкенірек, қызметкерлердің барынша жайлы жағдайда жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін заманауи орын. Көлік құралдарының қолжетімділігі, дамыған инфрақұрылым, қаланың тарихи ауданы — жаңа орынның айрықша артықшылықтарының бірнешеуі ғана. Клиенттеріміз бен серіктестерімізді кеңсемізде асыға күтеміз!