Бүгінгі таңда заманауи жоғары технологиялық компанияның жалпы қызметінің шамамен 40%-ын жобалық қызмет құрайды. Сонымен бірге ғылыми-техникалық үдеріс дамыған және бәсекелестік көбейген сайын жобалық құрам үздіксіз түрде өсіп келеді.
Осыған байланысты ең жоғары деңгейдегі жетекшіден бастап қарапайым орындаушыға дейін компанияның кез келген қызметкері түрлі жобалық тапсырмаларға шешім табуда әрекет етеді және бірыңғай жобалық топтың мүшесі болады. Бұл ретте жобаның қойылған мақсатына жету, демек, компанияның жетістікке жетуі топтың әрбір мүшесінің қосқан үлесіне байланысты болады.
Нарықтың анық беталысына сәйкес, Janus компаниясы 2015 жылдың соңына дейін жоба менеджерлері, сондай-ақ жобаны басқару жөніндегі жоғары және орта дәрежелі жетекшілер үшін PMI стандарты бойынша тренинг жүргізуді жоспарлауда. Оқытуды компанияның PMI стандарты бойынша сертификатталған штаттық қызметкері орындайды.
Тренинг локализация және аударма бойынша жобалық қызметтегі шынайы мысалдарға негізделген теориялық материалдар мен тәжірибелік тапсырмалардың көмегімен жүзеге асырылады. Оқыту барысында жобалық құжаттаманы жасау, жобаны әзірлеу және оны компания басшыларының алдында қорғау, жоба командасын құру және адам ресурстарын басқару, жобаның орындалу барысын қадағалау және бағалау, жобаны аяқтау және жиналған тәжірибені зерттеу сияқты жоба менеджері үшін қажетті дағдылар жаттықтырылады.