2014 жылдың қазан айында Termcheck терминологияны тексеру құралының жаңа 2.0 нұсқасы шығарылды.
Негізгі өзгерістер сөз құрылымы файлдарына, бас әріптерді тексеру процесіне және қате туралы есептің құрылымына енгізілді.
Бағдарламаның жаңа нұсқасында енді бастапқы тілге де, аударатын тілге де сөз құрылымының файлы мен анық емес іздеу пайызын көрсетуге болады. Осылайша, Termcheck құралы глоссарий бойынша терминологияның дұрыстығын қопармалы емес тілден қопармалы тілге аударғанда ғана емес, қопармалы тілден қопармалы емес тілге және қопармалы тілден қопармалы тілге аударған кезде де тексереді.
Сонымен қатар бағдарламаның жаңа нұсқасында бас әріптерді тексеретін икемді функция пайда болды. Терминдердің мәтінде бас әріппен жазылуы глоссарийде көрсетілген емлеге сәйкес келмеуі мүмкін. Тексеру барысында Termcheck бастапқы мәтінде кездестірген әрбір терминнің бас әріппен жазылуын тексеріп, аударылған мәтінде сол термин үшін бірдей айырмашылықты анықтайды.
Осыған қоса қате туралы есептердің құрылымы да өзгерді. Сүзгілеудің бұдан да оңай болуы және тексеріс нәтижесін түсіндіру үшін есепке жаңа бағандар қосылды. Екінші қойындыда бағдарламаның жаңа параметрлерінің мәндері сақталатын өрістер пайда болды.
Бумаға ағылшын, неміс және орыс тілдерінің сөз құрылымы файлдары қосылған.
Termcheck бағдарламасын ешбір шектеусіз пайдалану үшін тегін алуға болады. Termcheck бағдарламасын жүктеп алу үшін мына жерді басыңыз.