10 қазанда Томск қаласында Janus Worldwide өкілдігінің командасы “Мозгобойни” корпоративтік лигасының финалында үздік нәтиже көрсетіп, күзгі кубокты жеңіп алды!
Корпоративтік лига — әртүрлі қызмет салаларының компанияларына арналған “Мозгобойни” (квиз) форматындағы зияткерлік ойындар сериясы. Әр ойын әдебиет, ғылым, музыка, кино туралы сұрақтарды қамтитын жеті кезеңнен тұрады, сондай-ақ қатысушылардан аса білгірлікті, зеректікті, дамыған логиканы және реакция жылдамдығын талап ететін әртүрлі аралас сипаттағы басқа да сұрақтар қойылады. Ойын соңында жеті раундта ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Финал алдында 29 тамыз, 12 және 26 қыркүйек күні өткен үш іріктеу ойыны өтті, онда өзін Homo Janus деп атаған Janus Worldwide командасы ойын шеңберінде тиісінше 1, 2 және 1 орын алды.
Homo Janus командасының дарынды интеллектуалдарын таныстырып өтуге аса қуаныштымыз:
- Ажермачев Александр — тестілеуші;
- Брагина Юлия — Томск кеңсесінің басшысы;
- Выгон Лия-Роза — түзетуші;
- Игнатов Дмитрий — аға беттеуші;
- Ичигеева Джияна — түзетуші-беттеуші;
- Капустина Антонина — аға аудармашы;
- Красноцветова Юлия — аға аудармашы;
- Михайлова Ирина — HR-менеджер;
- Проскокова Александра — кіші жобалар жетекшісі.
Команданың оң нәтижесінің басты себебі қатысушылардың біріге отырып жұмыс атқарғандығы: бір жарым ай бойы күн сайын жаттығып, күрделі сұрақтарды талдап, ойын үшін пайдалы дағдыларды шыңдап отырғандығы болды. Жалпы алғанда, үш іріктеу турында Томск қаласындағы Janus Worldwide өкілдігі 17 компанияны, оның ішінде тікелей бәсекелестерді басып озды.
“Мозгобойни” корпоративтік лигасына қатысу компанияның танымалдығын арттыруға және ұжымды одан әрі біріктіруге мүмкіндік берді. Команда осы жетістіктерімен тоқтамақ емес: алда корпоративтік лиганың қысқы кубогы өтпек, яғни алда жаңа қарсыластар мен жаңа эмоциялар! Командамызды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта үлкен табыстар тілейміз!