Scania & Janus: мазмұны мен пішімінің үйлесімі Scania компаниясының Scania Communications Award байқауындағы жеңісінеәкелді
Janus компаниясыScania компаниясының ресейлік өкілдігі жобасының жыл сайынғы Scania Communications Awards премиясындағы жеңісімен құттықтайды. Ресейлік Angel Call мобильді қолданбасы және сол аттас жарнамалық науқаны 20 елдің басқа да 35 үміткер-жобасынан басып озып, сыйлықақы иегері атанды. Байқауда көрсетілген барлық жобалар әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге және серіктестердің бизнесіне көмектесуге арналған жаңа шешімдер болып табылады.
Ресейлік жоба — Scania автомониторинг жүйесіне (Fleet Management System) қосылатын смартфонға орнатылған Angel Call қолданбасы — жүргізушінің жолдағы жағдайын бақылауға мүмкіндік береді және бекітілген рөлде отыру уақыт шегінен асқан кезде тағайындалған «қорғаушы періштеге» ескерту жібереді, ол өз кезегінде жүргізушіге хабарласып, тоқтап, демалуын сұрайды. Жоба идеясы дүние жүзіндегі мыңдаған өмірді құтқаруға көмектеседі. Байқау қазылар алқасына көрсетілген Angel Call қолданбасының презентациясын Janus компаниясының беттеу және дизайн бөлімінің мамандары дайындаған. Материалдарды тиімді рәсімдеу ақпаратты дұрыс және тиімді беруге және пішімі мен мазмұнының нағыз үйлесімділігіне жетуге мүмкіндік береді, бұл байқаудың қазылар алқасына ұмытылмас әсер қалдырып, ресейлік жобаға сөзсіз жеңіс алып берді.
«Командаңыздың бар ынтасымен қатысып, керемет презентациялық материалдарды дайындағаны үшін үлкен алғыс білдіргім келеді! Кәсібилігін байқау қазылар алқасы да атап өтті: жоба мың есе қызықты болуы мүмкін, бірақ дұрыс ұсынылмаса, ол туралы ешкім де білмейді. Бұл мәселеге алдын ала тоқталып, байқау материалдарына барлық шеберлігімізді салғанымыз жақсы болды. Бұл сіздердің де жеңісіңіз деп ойлаймын», — деп «Скания-Русь» ЖШҚ маркетинг бөлімінің басшысы Варвара Астахова пікір білдірді.
«Scania компаниясы дизайн және беттеу саласында үш жылдан аса серіктесіп келеді, осы жылдар ішінде әртүрлі бағыттағы көптеген жобалар сәтті жүзеге асырылды. Біз Scania ресейлік өкілдігі командасының дизайнымызды жоғары бағалағанына қуаныштымыз және оларды байқаудағы керемет жетістігімен құттықтаймыз!», — деді Janus Worldwide компаниясының бас директоры Константин Иоселиани.
Scania компаниясы туралы
Scania әлемдік көшбасшы тасымал шешімдері жеткізушілерінің бірі болып табылады. 1891 ж. құрылған Scania компаниясы 100-ден аса елде қызмет көрсетеді және шамамен 46 000 қызметкері бар. Зерттеу және әзірлеу бөлімдері Швецияда шоғырланған, Бразилия мен Үндістанда филиалдары бар. Өндірісі Еуропада, Латын Америкасында және Азияда орналасқан; аймақтық өндірістік орталықтары Африка, Азия және Евразияда да бар. Scania компаниясы Volkswagen Truck & Bus GmbH бір бөлігі болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін www.scania.com сайтына кіріңіз.
Janus Worldwide компаниясы туралы
Janus Worldwide — әлемдегі көшбасшы лингвистикалық шешімдер жеткізушілерінің бірі. Компания корпоративтік клиенттерге 24/7/365 режимінде кешенді лингвистикалық қызметтер, оның ішіне аударма, локализация, функционалдық және лингвистикалық тестілеу, терминологияны басқару, дизайн және беттеу қызметтерін ұсынады. Common Sense Advisory тәуелсіз зерттеу агенттігінің деректері бойынша, Janus Worldwide компаниясы The Top 100 Language Service Providers: 2016 рейтингінде 45-орынды және The Top Language Service Providers in Western Europe in 2016 рейтингінде 10-орынды иемденген. Біз мақсатты аудиторияның тілдік және функционалдық талаптарын ескере отырып, жоғары сапалы қызметтер ұсыну арқылы клиенттерімізге жаңа нарықтар мен мүмкіндіктер ашамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін www.janusww.com сайтына кіріңіз.