Common Sense Advisory тәуелсіз зерттеу агенттігі The Top 20 On-Site Interpreting Companies: 2016 рейтингін жариялады. Оған сәйкес Janus Worldwide аударма компаниясы «жанды» ауызша аударма қызметтерін ұсынатын жаһандық аударма компаниялары арасында 16-орын алады. Бұл рейтингтегі компаниялардың орындары 2015 қаржылық жылында түскен ақша көлеміне сәйкес анықталды.
Ауызша аударма қызметтері жаһандық лингвистикалық қызметтер нарқының маңызды сегменті болып табылады және Janus Worldwide компаниясы бұл бағытты жетілдіруде аянбай еңбек етуде. Бұл жылы компания ауызша аудармаларды жүзеге асыру (community interpreting) қызметіне де қатысты ISO 13611:2014-12 стандартына сәйкес сертификаттаудан сәтті өтіп, сол арқылы стандартта көрсетілген барлық шарттар мен талаптарға сәйкестігін дәлелдеді.
Janus Worldwide клиенттерге ауызша аудармалар саласындағы қызметтердің кең ауқымын көрсетеді (синхронды және ізбеіз аударма, сыбырлап аудару, қағаздан ауызша аудару, гид-аудармашы қызметтері және тағы басқа) және саяси форумдар мен спорттық іс-шаралардан медициналық конгрестер мен іскери келіссөздерге дейінгі әртүрлі форматтағы және сипаттағы іс-шараларға қызмет қөрсетеді. Компанияның ауызша аудармашылары 30-дан аса тілдік жұпта және әртүрлі тақырыптарда жұмыс істейді.
20 жылдан асқан тарихы ішінде Janus Worldwide компаниясы алдына қойған кез келген қиындықтағы тапсырмаларды сәтті жүзеге асыра алатынын бірнеше рет дәлелдеп үлгерді, ал компания ұстанатын құндылықтар — инновациялылық, технологиялылық, үздіксіз жетілу және клиентке максималды бағытталушылық — оның алға жылжуына және клиенттердің сенімінен шығуына көмектеседі.
Janus Worldwide басқа CSA рейтингтерінде де көшбасшы орындарды иеленді: мысалы, компания The Top 100 Language Service Providers: 2016 рейтингінде 45-орында және The Top Language Service Providers in Western Europe in 2016 рейтингінде 10-орында.
Janus Worldwide туралы
Janus Worldwide — ТМДелдеріменШығысЕуропадағылингвистикалық шешімдердіңбасжеткізушісі. Компаниякорпоративтікклиенттергекешенділингвистикалық қызметтер ұсынады, оның ішінде: аударма, локализация, беттеу, лингвистикалық консалтинг қызметтері, сондай-ақ оған қатысты қызметтер. Ресми сайты: www.janus.ru.
Common Sense Advisory туралы
Common Sense Advisory — басқа компанияларға өз халықаралық бизнесін тиімді дамытуға, жаңа нарықтарға жол ашуға және жаңа клиенттер табуға көмектесетін тәуелсіз зерттеу ұйымы. Ресми сайты: www.commonsenseadvisory.com.