Janus Worldwide аударма компаниясы мен Қазақстандағы Novo Nordisk фармацевтикалық компаниясы өкілдіктерінің серіктестігіне 2018 ж. екі жыл толды. Осы уақыт аралығында компаниялар жақсы іскери қарым-қатынас құрып, сенімді серіктестерге айналды.
Janus Worldwide компаниясы Novo Nordisk аударма компаниясына әртүрлі фармацевтикалық құжаттама мен маркетингтік материалдарды аудару және беттеу қызметтерін көрсетеді. Екіжылдық серікстестік қорытындысы бойынша Novo Nordisk компаниясының өкілдері Janus Worldwide ұсынатын қызметтердің жоғары сапасын, сондай-ақ компаниямен тиімді коммуникативті өзара қарым-қатынасты атап өтті.
«Біз Janus Worldwide компаниясымен 2016 жылдың ортасынан бастап бірге қызмет етіп келеміз. Бірлескен жұмыс барысында Janus Worldwide мамандары өз міндеттерін мінсіз орындайтын жоғары кластың кәсіби мамандары ретінде көрсетті. Janus Worldwide медициналық аудармалар бөлімінің фармакологиялық және фармацевтикалық құжаттарының сапалы аудармасын жасауға білімдері жеткілікті. Janus Worldwide компаниясымен жұмыс істеудің негізгі артықшылықтарының арасында сенімділік пен қызметтердің алуан түрлілігін атап өтуге болады», — деді Қазақстандағы Novo Nordisk компаниясының өкілі.
Janus Worldwide компаниясы өз кезегінде Қазақстандағы Novo Nordisk компаниясының өкілдігіне артқан сенімі үшін ризашылығын білдіреді. Біз медициналық сипаттағы материалдардың аудармасына артылатын үлкен жауапкершілікті сезінеміз: бұл жағдайда қателіктің немесе дәлсіздіктің бағасы тым жоғары, сондықтан біз көрсетілетін қызметтер мен сервис деңгейінің сапасын жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс істеуді жалғастырудамыз.
Janus Worldwide Медициналық жобалар бөлімінде лингвистикалық қана емес, медициналық білімі бар, әртүрлі сипаттағы профильдік материалдармен жұмыс істеу тәжірибесіне ие, таңдалған бағытта дамуға, жаңа құралдарды игеруге және білім көкжиегін арттыруға қажымайтын ниеті бар мамандар жұмыс істейді. Біз фармацевтикалық компанияларға сапалы лингвистикалық қолдау көрсету арқылы медициналық саланың дамуына үлес қосқанымызға қуаныштымыз.
Novo Nordisk компаниясы туралы
Novo Nordisk — қант диабеті мен басқа да ауыр созылмалы аурулар саласында инновациялар мен көшбасшылықтың 90 жылдық тарихы бар жаһандық фармацевтикалық компания. Novo Nordisk компаниясының диабетті емдеуге арналған дәрі-дәрмектерін күн сайын 180 елде 28 млн-нан аса пациент* қолданады, ал бұл әлемдегі пациенттердің әр екіншісі. Novo Nordisk штаб-пәтері Данияда орналасқан. 41 000-нан аса қызметкер компанияның бүкіл әлемдегі 77 филиалында жұмыс істейді, ал өнімдері 165 елге тасымалданады.
Толығырақ ақпарат компанияның ресми сайттарында берілген: www.novonordisk.com және www.novonordisk.ru.
* Novo Nordisk Annual Report 2017.
Janus Worldwide компаниясы туралы
Janus Worldwide — әлемдегі лингвистикалық шешімдерінің көшбасшы жеткізушілерінің бірі. Компания корпоративтік клиенттерге кешенді лингвистикалық қызметтерді 24/7/365 режимінде ұсынады, оның ішінде аударма, локализация, функционалдық және лингвистикалық тестілеу, терминологияны басқару, дизайн және беттеу қызметтері бар. Common Sense Advisory тәуелсіз зерттеу агенттігінің деректері бойынша, Janus Worldwide компаниясы The Top 100 LSPs in 2018 рейтингінде 48-орынға және The Top LSPs in Western Europe in 2018 рейтингінде 10-орынға ие. Біз мақсатты аудиторияның тілдік және функционалдық талаптарын ескере отырып, жоғары сапалы қызметтер ұсыну арқылы клиенттерімізге жаңа нарықтар мен мүмкіндіктерді ашамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін компанияның ресми сайттарына өтіңіз: www.janusww.com және www.janus.ru.
Толығырақ: Novo Nordisk және Janus Worldwide: 2 жылдық сәтті серіктестік