Біздің беттеу және дизайн бөліміміз PC және MAC платформаларындағы әртүрлі баспа және графикалық пакеттермен жұмыс істейді.

Біздің мамандарымыз көптілді беттеудің барлық мүмкіндіктерімен толық таныс. Кез келген тілге аударылған құжат жергілікті рәсімдеу стандарттарына сәйкес пішімделіп, баспаға толығымен дайын болады.

Баспа алдындағы дайындыққа қоса, Janus компаниясы кәсіби дизайн және полиграфия, сондай-ақ сапалы бизнес-баспа қызметтерін ұсынады. Біз каталогтар, брошюралар, бүктемелер, парақшалар, электрондық тасымалдағыштардағы материалдарды дайындаймыз.

Janus компаниясының беттеу және баспа алдында дайындау саласында ұсынатын қызметтері:

  • Редакцияланбайтын пішімдерден мәтінді шығару
  • Аударылған құжаттарды пішімдеу
  • Баспа алдында дайындау: сіз типографияда бірден қолданылатын макеттерді аласыз
  • PDF-файлдар мен электрондық пішімде таратуға арналған электрондық нұсқаулықтар жасау
  • Беттеуге арналған нобайлар мен шебер-беттер жасау
  • Беттеуге және басып шығаруға арналған стилистикалық нұсқаулықтарды әзірлеу
  • XML/DITA қолданбаларында үйлесімді пішімдегі құжаттама жасау кеңестері

Single-source технологияларын және контентті басқару жүйелерін (CMS) ендіру