Ауызша аударма — Janus компаниясы жұмысының ең маңызды және болашағы бар бағыты. Ауызша аудармалар орталығы 2017 жылы тапсырыс берушілерге толық лингвистикалық және техникалық қолдау көрсету кешенін ұсыну мақсатында ұйымдастырылды.

Осы уақыт ішінде Janus компаниясының ауызша жобалар орталығы кез келген тапсырыс беруші мен жобаға іс-шара ауқымдарына тәуелсіз кешенді шешімдер жасауға мүмкіндік беретін ауызша аударма қызметтерін көрсету мен құрылғыларды жалға берудің теңдессіз тәжірибесін алды.

Халықаралық конференциялар, форумдар, конгрестер, оқыту семинарлары, көрмелер және қарапайым бизнес-келіссөздер — мамандарымыздың ең талапшыл клиенттер үшін қысқа мерзімдерде ұйымдастырған іс-шараларының толық емес тізімі.

Біз өзінің пәндік саласын жете түсінетін, сонымен қатар аударма тілін толық сезініп, мағынасының дәл берілуін қамтамасыз ететін біліктілігі жоғары бірегей мамандар тобын жасап шығардық.

Іс-шаралар жүргізген кезде ауқымды жұмыс тәжірибесін алған біздің жоғары дәрежелі менеджерлеріміз аударманы тиімді ұйымдастырып, аудармашылар мен құрылғыларды жедел жеткізу үшін барлығын жасайды.

Іс-шараңызға ауызша аударма және құрылғылар жинағы бойынша толық кеңес алу үшін сұрау қалдырыңыз, сосын біздің маманымыз сізбен хабарласады.

JANUS КОМПАНИЯСЫНЫҢ АУЫЗША АУДАРМА ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАПСЫРЫС БЕРУ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Толық дайын іс-шара: біз қатысушыларды тіркеу, құрылғыларды монтаждау және демонтаждау, синхронистерді таңдау, іс-шара барысында үйлестіру, техникалық сүйемелдеумен байланысты барлық жұмыстарды орындаймыз.
  • Тиімді серіктестік шарттары: қызметтердің қолжетімді бағалары, жекелей жеңілдіктер, тұрақты және ұйымдастырылған жұмыс процестері.
  • Біліктілігі жоғары аудармашылар: ірі мемлекеттік және халықаралық құрылымдарда 10 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар ауызша аудармашылар.
  • Аударма тақырыптарының кең спектрі: Janus компаниясының аудармашылары келесі кәсіби салаларда жұмыс істейді: медицина, саясат, экономика, спорт, ақпараттық технология және телекоммуникациялар, мұнай-газ өнеркәсібі, автомобиль құрастыру, жарнама, маркетинг, шоу-бизнес және т.б.

Әлемдік деңгейдегі сапаны бақылау: инженерлік бөлімнің барлық аудармашылары мен мамандары бірнеше іріктеу кезеңінен өтеді.