Аудио- және видео-конференц-байланыс құрылғылары

Конференц-байланыс соңғы тенденциялар бойынша бизнес-коммуникациялар әдістері ішінде алдыңғы орынға шықты. Мұны қатаң бәсекелестік жағдайларында заманауи нарық ережелері шешеді. Қазіргі таңда кез келген компанияның жетістікке жетуі шешімді тез қабылдауына және үздіксіз өзгеріп отыратын нарық жағдайларында әрекет етуіне тәуелді, бұл компанияның техникалық жабдықталуына байланысты болып табылады.

Конференц-байланыс бір-бірінен қашық отырған әңгімелесушілерге интерактивті сөйлесу және құжат алмасу мүмкіндіктерін береді, бұл нәтижелілігі жағынан жеке кездесумен пара-пар.

Видео-конференц-байланыс жүйелері мынадай тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді:

  • шешім қабылдау жылдамдығын арттыру;
  • негізгі қызметкерлердің уақытын үнемдеу;
  • іссапар және үстеме шығындарды қысқарту.

Аудиоконференция жүйесі қатысушылардың әрқайсысының іс-шараның толыққанды қатысушысы болуына мүмкіндік ашады.

Артықшылығы — дыбыстың жоғары сапасы, бөтен шуылдар мен жаңғырықтардың болмауы. Аудиоконференцияларға арналған құрылғыны пайдаланған кезде сөйлесуші залдың өзінде отырғандай әсер қалдырады.

Видео-конференц-байланыс кемелденген және жақсы ойластырылған технология болып табылады. Заманауи видео-конференц-байланыс жүйелерінің мүмкіндіктері іскерлік қарым-қатынастың әртүрлі сценарийлерін (келіссөздер, жиналыстар, пікірталастар, семинарлар) жүзеге асыруға, қосымша көрнекі ақпаратты пайдалануға, құжаттарды бірлесіп талқылауға және редакциялауға мүмкіндік береді.

Видеоконференциялар бизнес, медицина, оқыту, персонал іріктеу, сот экспертизасы және т.б. салаларда кеңінен қолданылып келеді.