Гидтің мобильді жүйесін (тағы бірнеше атауы бар: «сыбырлағыш», «радиогид», туристік-гидтік жүйе, тасымалы микротелефондық аппарат немесе еуропалық үлгіде bidule)   жеңілдетілген нұсқасына арналған мобильді жиынтық ретінде қолдануға болады.  Егер синхронды аударманы қажет ететін тыңдаушылар тобы шағын болса немесе бюджетіңіз шектеулі болса, біздің радиожүйені синхронды аударманың мобильді жүйесі ретінде қолдана аласыз.

Бұл жағдайда аудармашы жеке дыбыс өткізбейтін кабинада емес, топтың жанында отырып, мойнына бекітілген микрофонға синхронды аударма жасайды (сыбырлау әдісімен аударады). Имегі бар сезімталдығы жоғары микрофон аудармашының ақырын сөйлеген сөзін сапалы жеткізеді.

Шағын ықшам кейсте орналасқан синхронды аудармаға арналған мобильді құрылғылар жиынтығын жалға ала отырып, аудармашы іс-шарада синхронды аударманы өз бетінше жеңіл қамтамасыз ете алады, себебі құрылғыны пайдалану арнайы білімді, реттеуді және тұрақты техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді. Синхронды аударма жиынтығы микрофоны бар аудармашы гарнитурасын, тасымалдағышты, сондай-ақ қатысушылардың қабылдағыштары мен құлақаспаптарын қамтиды.

«Сыбырлағыш» мобильді құрылғысын ашық алаңда және қозғалыста пайдалануға болады, сондықтан оны көбіне экскурсияларда, мысалы, мұражайда, құрылыс алаңында немесе цехта қолданады. Сондай-ақ бірнеше тілді бірнеше топпен бірден жұмыс істеуге болады. Өткізілетін орынға және ғимараттың немесе алаңның ерекшеліктеріне қарай қабылдағыштар сигналды 200 метрге дейінгі қашықтықта қабылдай алады.

Радиогидтің негізгі артықшылықтары мынадай:

  • көлемі ықшам;
  • жеңіл және сыртқы түрі тиімді;
  • батареялар үнемді шығындалады;
  • интуитивті түрде түсінікті басқару схемасы;
  • дыбысталудың цифрлық сапасы;
  • жалға беру бағасы жоғары емес;
  • мобильділігі;
  • әмбебаптығы.