Электрондық дауыс беру жүйелері — дауыс беру, сайлау, аттестация немесе тестілеу жасау қажет кез келген іс-шаралар үшін мінсіз таңдау.

Электрондық дауыс берудің интерактивті жүйесі арқылы делегаттардың пікірін жылдам білуге, дискуссия туралы аудитория пікірін анықтауға, лауазымға үміткерді сайлауға болады. Төраға (немесе оператор) жиналысты басқарады және басқару пульті арқылы дауыс беру процедурасын іске қосады. Оған қоса дауыс беру нәтижелерін жинауға және компьютерде бірден өңдеуге болады, бұл әртүрлі электрондық дауыс беру схемаларын пайдалануға шектеусіз мүмкіндіктер береді: бірнеше айналымнан тұратын дауыс беруді ұйымдастыруға, дауыс бергендер құрамын бақылауға болады.

Сұраулар мен дауыс беру жүргізу көп жағдайларда өзектілікке ие. Сұрау жүйесін сыйымдылығы үлкен аудиторияда қолдануға болады: бір сұрау жүйесіне қабылдағыш пен 600 данаға дейін қажетті пульттер санын орнату мүмкіндігі бар.

Қолдану салалары:

  • халықаралық форумдар, съездер, конференциялар  (талқыланатын сұрақ бойынша сұрау нәтижесінде алынған деректерді жинау және өңдеу);
  • бизнес-тренерлер (оқыту аудиториясынан сұрау);
  • мектеп пен жоо оқытушылары (оқушылар мен студенттерден сұрау);
  • өнім жөніндегі менеджерлер (ұсынылатын өнім немесе қызмет туралы тұтынушылардың пікірін дұрыс бағалауға болады);
  • маркетинг жөніндегі менеджерлер (жүйе жарнама мен маркетинг саласындағы көптеген бизнес-тапсырмаларды шешуде таптырмайтын құрал болып табылады);
  • персонал жөніндегі менеджерлер (жүргізілген жұмыс туралы басшылардың пікірін дұрыс бағалау, білімді тексеру, персоналды оқыту).