ТЕЛЕФОНМЕН АУДАРУ

«Телефонмен ауызша аудару» — Janus компаниясының ауызша жобалар бөліміндегі жаңа және болашағы бар жұмыс бағыты. Көптеген еуропалық және американдық аударма компаниялары бұл қызметті жаһандық нарықта көптен бері ұсынып келеді.

Ресейде техологиялардың пайда болуымен қашықтан коммуникация жүргізуге көптеген мүмкіндіктер ашылуда. Тіл кедергісін қашықтан жою үшін біз арнайы қызметтер ұсынамыз: телефондық келіссөздерді аудару, сонымен қатар Skype арқылы ауызша аудару.

Пайдалану саласы:

  • шет елдегі әріптестермен және серіктестермен телефондық келіссөздер жүргізу;
  • көзбе-көз сөйлесу аудармасын ұйымдастыру;
  • аударма мәселелері бойынша кеңестер алу;
  • шетелдік мамандардан медициналық кеңес алу.

ВИДЕО АРҚЫЛЫ ҚАШЫҚТАН АУДАРУ

Мамандандырылған технологиялық платформа арқылы конференц-байланыс көмегімен дыбысты, сондай-ақ бейнені тасымалдай отырып, синхронды әрі ізбе-із аударманы ұйымдастыруға болады. Бұл кезде техникалық жабдықтар мен аудармашылар санына қойылатын талаптар әртүрлі болады. Заманауи технологиялар жеке кабинеттен, өз қаласынан шықпастан халықаралық симпозиумға, конференцияға немесе іскери кездесуге қатысуға мүмкіндік береді. Видео арқылы қашықтан аудару уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік ашады.

Біз сізге қажетті тілдегі және мамандықтағы аудармашыны таңдап береміз. Компаниямыздың ауызша аудармашыларының сөз сөйлеуі мен дикциясы сауатты, сондай-ақ іскери сөйлесуге машықтанған. Қажет кезде, біз құрылғылар мен техникалық қамтамасыз ету жөнінде сізге кеңес бере аламыз.

Видео арқылы қашықтан аударуды ұйымдастыру мүмкіндігін біздің менеджерлерімізден нақтылап сұраңыз.