Біз ұсынатын лингвистикалық қызметтер, мысалы, терминологиямен жұмыс (глоссарийлер дайындау), бұрыннан бар аудармаларды маркетингтік бейімдеу, тілдік зерттеулерді (connotation check) қамтиды.

Терминологиялық жұмысқа олардан басқа, глоссарийлерді жаңадан әзірлеу немесе жаңа не терминологиялық жобалар тұрғысынан нашар глоссарийлерді өңдеу, сонымен қатар тапсырыс берушінің бұрыннан бар аудармаларындағы терминологияны тексеру кіреді.

Біз тілдік зерттеулер жүргізіп, осы пәндік саладағы мамандар көмегімен (Subject Matter Experts) аударма тілінде дәл және тұрақты терминдерді іріктейміз, бұл өнімнің ары қарай дұрыс аударылуына және тиісті пән саласындағы мамандардың толық түсінуіне кепілдеме береді. Терминдер корпоративтік порталдың веб-интерфейсі арқылы талқыланады. Талқылауға тапсырыс беруші өкілдері де қатыса алады.

Мәтіндерді маркетингтік бейімдеу қызметтері жергілікті тілдік және географиялық реалийлерді ескеріп, жарнамалық мәтінді болашақ оқырман үшін тартымды және түсінікті ету мақсатында кәсіби редакторлар мен рерайтерлердің жарнамалық сипаттағы мәтіндерді толық өңдеуден өткізуін білдіреді.

Сонымен қатар connotation check, яғни сауда маркалары атауларының тиісті тіл ортасында адекватты қабылдануын тексеру қызметтерін ұсынамыз. Мұндай тексеру өнімді жаңа жергілікті нарықтарға шығаруда ауыр салдарларға әкеліп, сатылымның толық күйреуіне дейін жеткізуі мүмкін тілдік казустардың алдын алу мақсатында жасалатын міндетті іс-шара болып табылады. Мысалы, Chevrolet компаниясы жаңа модельді латынамерикалық нарыққа Nova атымен шығарған кезде осындай қателікке жол берді, яғни атаудың басқа тілде қабылданылуын тексермеді. Модельдің атауы (Nova) испан тілді елдерде автокөліктің нашар сапасымен ассоциацияланатындықтан, автокөлік өте нашар сатылды, себебі испан тілінде No va «Жүрмейді» деген мағынаны білдіреді, бұл Chevrolet компаниясына сәтсіздік әкелді.