Бейнематериалды редакциялап, қандай да бір фрагментті кесіп алып, ауыстырып немесе қосу қажет жағдайлар жиі туындайды. Бұл корпоративтік видеоны монтаждау да, экрандық жазбаларды аудару және локализациялау немесе серіктестердің логотиптерін қою болуы мүмкін. Janus компаниясы әртүрлі деңгейде күрделі видеоны монтаждау және локализациялау қызметтерін ұсынады. Сонымен бірге жұмыстар материал көздері болмаған кезде де, видеоны өңдеуге суреттерді өңдеу, тіпті кадрлап қайта сурет салу қажет болған кезде де жүзеге асырылады.

Мұндай жұмыстар үшін компаниямыз арнайы бағдарламалық құралдарды қолданады: AfterEffects, Premier, Vegas, Audition, REAPER, SoundForge.

Біздің компания орындайтын үлгілік міндеттер мыналарды қамтиды:

  • экрандағы жазбаларды аудару және ауыстыру;
  • аударылған мәтінді интеграциялау және оқыту курстарын локализациялау (e-learning);
  • скринкастар жасау;
  • суретті өңдеу және әсерлерді қайта жасап, кадрлап суретті қайта салу;
  • видео- және аудиоматериалдарды монтаждау және постпродакшн жасау;
  • бірнеше фрагменттер мен жеке кескіндерден видео жинау;
  • видео мен дыбыстың дыбыстық және шуылдық безендірулерін жасау;
  • музыкалық сүйемелді таңдап беру;
  • видео және аудио пішімін өзгерту.

Жұмыс мысалы

Тапсырма: коммерциялық жүк көліктері өндірісімен айналысатын тапсырыс берушінің видеосынан ескі логотипін жою.

Процесс: өңдеу қажет видео фрагменттері жеке кадрларға «бөлшектелді», сонымен бірге олардың әрқайсысынан ескірген логотиптер қолмен жойылып, ары қарай редакцияланған видеолар кадр бойынша жиналды. Видеоматериалдың ескі логотипі көрінген бір секундына 24 кадрды өңдеу қажет болды.

Нәтиже: видео ескі логотиптерден толығымен тазартылып, жаңа экрандық жазбалар қосылды. Барлығы 51 фрагмент өңделді.