Дыбыстау — керекті элементтерді белгілеп, материалды есте қалатындай ету арқылы бейнероликтегі ақпаратты ақырғы қабылдаушыға жеткізудің ең жақсы әдісі. Ал деректі, көркем және мультипликациялық фильмдерді аударған кезде, дыбыстау ең қажетті қадамға айналады. Janus компаниясы бірдауысты, екідауысты немесе көпдауысты дыбыстау, кадрдан тыс дыбыстау немесе толық дубляж болсын, кез келген дыбыстау түрлері бойынша қызметтер ұсынады. Материал мақсаты мен бюджетке қарай, тапсырыс берушіге біздің базамыздан әртүрлі дикторлар мен актерлер ұсынылады. Жазылған дыбыстарды бейне қатарларына қойып, сапаны бақылау қадамдары процесті аяқтайды, біздің компаниямыз бұл қызметтерді де ұсынады.
Компаниямыз орындайтын типтік дыбыстау жұмыстары:
- корпоративтік және презентациялық видеоны дыбыстау;
- жарнама мен промоматериалдарды дыбыстау;
- деректі және көркем фильмдерді дыбыстау;
- оқыту курстарын жазу (e-learning);
- қолданбаларды дыбыстау.
Дауыстар базасы (сұратуы бойынша қол жетімді)
Бұл беттен видеоңызды дыбыстауға жұмылдырылатын дикторлар дауыстарының кейбір нұсқаларын тыңдай аласыз.