Жазбаша аударма
Көптілді аударма
Біз ауқымды әрі күрделі көптілді жобаларға маманданғанбыз. Дәл осындай жобаларда компаниямыздың бүкіл әлеуеті ашылады, олар: жобаларды жоғары деңгейде басқару стандарттары, барлық кезеңде тиімді жұмыс істеу және сапа менеджментінің мінсіз қызмет ететін жүйесі.
Көпжылдық жұмыс тәжірибесі, заманауи аударма технологияларынан хабардар болу және лингвистикалық ресурстарды тиімді басқару Janus компаниясына ең ірі көптілді локализациялау жобаларын қысқа мерзімде және жоғары сапалы орындауға мүмкіндік береді.
Біз көптілді локализация бойынша толық қызметтер кешенін орындаймыз. Біздің жұмысымыздың нәтижесінде клиент құжаттардың баспаға дайын тілдік нұсқаларын немесе бірнеше тілге локализацияланған қолданбаны қолына алады.
Үлкен көлемді мәтіндерді аударудың жаңа мүмкіндіктері
Жоғары технологиялар ғасырында жазбаша аударма жаңаша аспаптарды пайдалану арқылы орындалады және Janus компаниясы аударма процесін оңтайландыруға арналған жеке әзірлеме — GTP жаһандық технологиялық платформасын (Global Technology Platform) ұсынады.
Заманауи технологияларды қолдану аударма компаниясы мен клиенттің өзара әрекеттестігін, әсіресе, үлкен көлемді материалдарды қысқа мерзімде аудару қажет болған кезде екі тарап үшін де ыңғайлы, қарапайым және тиімді етуге мүмкіндік береді. Сол себепті GTP арқылы жұмыс істей отырып, арнайы құрылған Janus EDGE бөлімшесінің қызметкерлері жобаның орындалу мерзімі, сондай-ақ таңдалған аударма сапасы деңгейінің құны маңызды болып табылатын әртүрлі саладағы компанияларға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Janus EDGE туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.