TermCheck  |  Perfect  |  Connect  |  Dashport  |  Express

Janus GTP жаһандық технологиялық платформасы

Janus GTP жаһандық технологиялық платформасы клиенттерімізге аударма процесін оңтайландыруға, оны жеделдетуге, сонымен қатар шығындарды азайтып, айқындығын жақсартуға және сапасын арттыруға мүмкіндік беретін шешімдер мен технологиялар жиынтығынан тұрады. Біз ұсынатын бес шешімнің әрқайсысы аударма мен локализациялау процесін барынша жедел және ыңғайлы етуге бағытталған. Janus компаниясының зерттеулері аударма индустриясындағы көптеген мәселелердің, оның ішінде сапа, уақытылылық және нақты уақыт режимінде жоба туралы нақты ақпаратқа қол жеткізудің шешілмеген күйде қалып отырғанын көрсетті. Сондықтан Janus GTP платформасында біз файлдарды жылдам жіберу, сапаны арттыру және аудармалардың ізбе-ізділігі мүмкіндіктерін жүзеге асырдық. Біз клиенттерімізге жобалар туралы нақты ақпаратқа, сондай-ақ тарихи мәліметтерге қолжетімділік береміз, ал шұғыл жобаларды бірнеше сағат ішінде орындауға болады. Осы жоғары технологиялық автоматталған шешімдердің барлығы қолдануға өте оңай бір платформа аясында біріктірілген.

Janus GTP құрамына келесі технологиялық шешімдер кіреді:

  • Janus TermCheck;
  • Janus Perfect;
  • Janus Connect;
  • Janus DashPort;
  • Janus Express.

TermCheck — ұйымдарға терминология бірлігін қамтамасыз етуге көмектесетін терминологиялық базаларды басқарудың тиімді құралы. Біздің құралымыз терминологияның бірізділігіне қол жеткізуге күш пен ресурсты азырақ жаратуға мүмкіндік береді. Терминологиялық базаларды басқаруға TermCheck құралын пайдалану арқылы сіз терминдермен байланысты проблемаларды аударма кезеңіне дейін жоя аласыз, нәтижесінде аударылған материалдарға терминологиялық түзетулер енгізу қажет болмайды.

TermCheck аударылған материалдардың сапасын арттырады, тұрақты түрде жаңартылып отыратын глоссарийлерге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді және тапсырыс берушілердің уақытын, күші мен қаржысын айтарлықтай үнемдейді.

Терминологиялық базаларды басқару дегеніміз не?

Терминологиялық базаларды басқару үшін деректер базасындағы терминологияны жинауға, сақтауға және жаңартуға арналған бағдарламалық құрал қолданылады.

Терминологиялық деректер базаларын басқару шешімі несімен пайдалы?

Терминологиялық деректер базасын басқаруға арналған бағдарламалық құрал нақты өніммен немесе аударма бағытымен байланысты терминологияға жылдам және ыңғайлы қолжетімділік береді және ізбе-із және дәл аудармалар жасауға көмектеседі.

Терминология жиі өзгереді — аудармашылар, редакторлар мен авторлардың өзі өзгерістер туралы білмей, ескірген терминдерді қолданып, мәтінде сәйкессіздіктер туындауы мүмкін. Компаниялар терминологиялық деректер базаларын жүргізуге арналған бағдарламалық құрал артықшылықтарын көбіне бағаламай жатады, нәтижесінде глоссарийлерді қолмен жасауға, жаңартуға және қолдау көрстетуге көп уақыты мен күшін жұмсайды. Дайындалып жатқан материалдардағы терминологиялық сәйкессіздіктер жаңылыстырып, мақсатты аудиторияның түсінбеушілігіне әкеледі. Нәтижесінде, дәл терминологиялық деректер базасы болмаған кезде терминологияны түзетуге қосымша шығындар жұмсалады, бұл өз кезегінде жобаның қорытынды бюджетінің айтарлықтай артуына әкелуі мүмкін.

Терминология тұтастығы аударманың жалпы сапасына үлкен әсер етеді. Компанияда қанша техникалық жазушылар немесе копирайтерлер болмасын — бір немесе жүз бе — кілт сөздер мен сөйлемшелерді бәрібір стандарттау қажет болады. Глоссарий жүргізуге көмектесіп, терминдердің дұрыстығын кәсіби деңгейде тексеретін терминологиялық бақылау жүйесінің артықшылықтарын бағалаңыз.

Janus Perfect — аударылған мәтінде қателер болмауының кепілі. Бұл шешім толық масштабты, көпсатылы, автоматталған сапаны бақылау процесін білдіреді. Janus Perfect тапсырыс берушіге берілетін ақырғы өнімде қателердің болмауына көмектеседі.

Біз ақырғы өнімнің сапасын арттырып, оның шығарылуын жеделдету үшін, адам тәжірибесін және тұтынушылар қажеттілігін ескеріп әзірленген бағдарламалық құралдарды біріктірдік. Janus Perfect ең қатал сапаны бақылау стандарттары мен үздік салалық тәжірибелерге сәйкес келеді: қызмет жоба шарттарының дұрыс орындалғанын және тиісті ресурстардың, рәсімдеу мәнері бойынша нұсқаулықтардың, редакциялау стандарттарының қолданылғанын тексереді, сонымен қатар ақырғы өнімнің клиенттің барлық талаптарына сәйкес екендігіне кепілдік береді.

ISO 9001 және ISO 17100 стандарттары бойынша сертификатталған процесіміздің аясында барлық аудармашылық жобалар жоғары сапалы өнімдер мен қызметтерді дайындауды қамтамасыз ететін көпсатылы тексеруден және редакциядан өтеді. Janus Perfect кешенді технологиялық сапаны бақылау процесі өнімді нарыққа сапасын жоғалтпай шығаруға көмектеседі.

Janus Connect аударма жобаларын бақылау мен талдауды жеңілдететін функцияларға жол ашады; ол клиенттік портал мен API арқылы қосылудан тұрады.

Janus Connect порталы

Портал — логин мен пароль арқылы кірілетін қорғалған сайт. Оның интерфейсі интуитивті және пайдалануға оңай және тапсырыс берушінің қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге болады. Ол аударма жобаларын кез келген уақытта және кез келген кезеңде бақылауға мүмкіндік береді.

  • Компанияңыз туралы деректерді енгізіңіз, мысалы жауапты байланыс тұлғасын, байланыс ақпаратын, қаржылық есептілік орталығының мекенжайын, компания бөлімдерінің мекенжайын және т.б. көрсетіңіз.
  • Баға ұсыныстарын сұраңыз, қызметтерді таңдаңыз, түпнұсқа мен аударма тілдерін көрсетіңіз, нұсқаулықтар беріңіз, файларды жүктеп салыңыз.
  • Портал арқылы баға ұсыныстарының жүктеп салуға дайын екендігі туралы хабарлар алыңыз.
  • Баға ұсыныстарын мақұлдап, жаңа жобаларды тіркеңіз.
  • Жаңа аудармашылық жобаларды автоматты түрде іске қосыңыз (API арқылы интеграциялау қажет).
  • Анықтамалық материалдарды (глоссарийлер, терминология және т.б.) жүктеп салыңыз.
  • Аударма жобаларыңыздың барысын бақылаңыз.
  • Файлдардың дайын екендігі туралы хабарлар алыңыз.

Janus Connect API

Janus Connect API қызметі мазмұнды басқару жүйесін (CMS) Janus порталымен біріктіреді. Бұл аударма процесін айтарлықтай жеңілдетіп, уақытты үнемдейді, себебі бір түймені басу арқылы аудармаға тапсырыс беру мүмкіндігі пайда болады.

Janus Connect API файлдарды аудармаға автоматты түрде жіберу және аударылған файлдарды шығарып алу және жылжыту әдісі арқылы жіберу мүмкіндігін ұсынады. Бұл артық жұмыстан құтылуға мүмкіндік ашады: аударылған файлдар жүйеңізге бірден кері көшіріледі. Қолмен көшірудің орнына Janus Connect API қызметіне қосылып, SOAP (Simple Object Access Protocol) — компьютерлер жүйесінде XML-хабарлар алмасуға арналған протколын қолданып, файлдарды барлық қажетті мәліметтерімен бірге тікелей Janus аудармашылық жобаларын басқару жүйесіне бағыттау жеткілікті.

Сіздің мазмұнды басқару жүйеңізде нені және қай тілдерге аудару керектігін көрсетуіңіз керек, одан кейін файлдар аудармаға жіберіледі. Аударма дайын болған кезде, жүйе аударылған файлды көрсетілген орынға автоматты түрде шығарады.

Бұл автоматталған процесс уақытты үнемдейді, адам еңбегі шығынын және файлдарды экспорттау және көшіру кезіндегі қателер санын қысқартады — аудармаларды алу процесі жеңіл және жедел бола түседі.

Janus DashPort нақты уақыт режимінде клиенттерге жоба мәліметтеріне қолжетімділік береді. Ол негізгі өнімділік көрсеткіштерінің әртүрлі 15 графикалық кескіні мен сервистік қызмет көрсету келісімдерін қамтуы мүмкін (нақты пайдаланушының немесе ұйымның қажеттіліктеріне қарай). DashPort клиенттерге жобалық сұраулардың немесе шығындардың ерекшеліктері мен тенденцияларын таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар ол бюджетті құрастыруға, болашақ жобаларды жоспарлауға және қандай да бір нарықтарға шығу бойынша ойластырылған шешімдер қабылдауға қолдау көрсетеді.

Janus DashPort дегеніміз GTP платформасының бір бөлігі болып табылады, мұнда жобалар туралы ақпарат сақталады, оны келесі санаттар бойынша шолып шығуға болады:

  • әр тіл бойынша нақты шығындар;
  • бөлімдер бойынша шығындар;
  • Janus Express бойынша жобалар көлемдері;
  • сервистік қызмет көрсету бойынша келісімдер — мерзімінен бұрын, мерзімінде және кешігіп аяқталған жобалар саны;
  • жобалар құнын талдап тексеру;
  • жобаларды жүзеге асыру сызбалары.

Осы функциялардың барлығы процестің толық айқындығын қамтамасыз ету және оларды Janus компаниясына қосымша сұрауларды жіберу қажеттігінен босатып, еңбек шығындарын қысқарту және екі тараптың да уақытын үнемдеу үшін жасап шығарылған.  Жобаларды жүзеге асырғаннан кейін оларға тоқсандық шолу жасау үшін деректер жинау жұмысы өткен шақта қалды. Сізге қажетті барлық ақпарат енді оны қолдану керек кез келген адамға қолжетімді бір орында сақталады.

Бұрын көлемі бойынша шағын немесе жедел жобалар әрқашан айтарлықтай қымбат тұратын, себебі оларды есептеу үшін тиісінше минималды мөлшерлеме немесе көтеріңкі тариф қолданылды. Janus Express арқылы сіздің шығындарыңыз толық бақылауда болады! Бұл шешім клиенттерге аудару қажет жедел мәтіндерді жіберуге мүмкіндік береді; қазіргі кезде 12 тіл үшін 750 аударылған сөзге дейінгі экспресс-жеткізілімге кепілдік беріледі.

Janus Connect қызметіне кіріп, құжаттарды жүктеп салу немесе мәтінді Express қызметтері терезесіне көшіріп-қою арқылы жобаларды Интернет арқылы іске қосыңыз. Janus Express жазылым принципі бойынша жұмыс істейді, яғни сізге баға ұсынысын күтудің немесе алуға тапсыру берудің қажеті жоқ — мәтініңіз аудармаға бірден жіберіледі. Аударма бағалары анық және бекітілген, ал жоба менеджердің өңдеуінсіз тікелей аудармашыға жіберіледі, мұның өзі уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл жобаларды орналастыру өте оңай, біз кәсіби аудармашылар желісі арқылы бар болғаны 2-4 сағатта көптеген тілдерге аударма жасауға дайынбыз.

Janus Express қолдау көрсететін тілдер тізімі төмендегідей:

  • Еуропа: француз, неміс, испан, итальян, орыс, нидерланд, поляк, португал;
  • Америка: бразилиялық португал және латынамерикалық испан;
  • Азия: жеңілдетілген қытай, тай, индонезия.

Жоба аяқталған кезде тапсырыс берушіге аударылған файлды жүктеп алуға арналған сілтемесі бар электрондық хат тікелей жіберіледі. Сонымен қатар кез келген уақытта порталға кіріп, жобаның қандай кезеңде екенін тексеруге болады.