Машиналық аударма және постредакциялау

Компьютерді пайдаланып деректерді лингвистикалық өңдеу соңғы он жылда біраз ілгері жылжыды, қазіргі кезде машиналық аударманың сапасы мен бағасы мерзімі бойынша өнімді нарыққа шығару сұранысымен және күтілуімен сәйкестікке келді. Janus компаниясы аударма және локализация процестерін автоматтандыру авангардында жұмыс істейді және дербес МА жүйелерін әзірлеу және енгізу, сондай-ақ машиналық аударманы лингвистикалық редакциялау қызметтерін ұсынады.

Машиналық аударма компанияларға қаржылық және уақыттық шектеулерге байланысты бұрын аударылмаған ақпараттық материалдарды аударуға мүмкіндік береді. Біздің машиналық аударма бойынша технологиялық шешімдерімізді кез келген жұмыс көлемдеріне және тапсырыс берушінің кез келген талаптарына (оның ішінде, ерекше жазу стилі және грамматикалық ережелер, арнайы терминология мен компания қолданатын сөздіктер, сан мен күн форматтарына арналған айрықша ережелер және материалыңызда қамтылатын басқа да көптеген бөлшектерге) бейімдеуге болады. Біздің МА жүйелерін бірнеше тілдік комбинацияға әзірлеп, ендіру және оған клиентте бар материалдарды және параллель ақпаратты, оның ішінде аудармалар жадын, маңызды біртілді ақпаратты, ал жүйенің негізі ретінде Janus компаниясы жинаған басты мәліметтерді ендіру мүмкіндігіміз бар.

Janus компаниясының жүйелерді жеке тапсырыс бойынша жаңашыл бейімдеу әдісі жүйені ендіру алдында оқыту жөнінде нақты лингвистермен өзара қарым-қатынас жасауды қамтиды: лингвистер жүйеге түзетулер ұсынады. Клиенттеріміздің мақсаттарына қарай келесі кезеңнің әртүрлі болуы мүмкін. Біреулер МА-ға өнімділікті арттыруға арналған құрал ретінде пайдалану және МА материалдарды одан кейін лингвистердің редакциялауы үшін тапсырыс берсе, басқалары технологияны адам орындаған аударма қажет емес жағдайларда жалпы мағынасын түсіну үшін пайдалануды шешеді. Қандай жағдайда да жүйені енгізгеннен кейін де оны оңтайландыру және жақсырақ өнімділікке жету үшін, тұрақты түрде қызмет көрсету керек.

МА пайдалану мысалдары:

  • Өнімнің нарыққа шығуын жеделдету мақсатында үлкен жобаларды алдын ала аударып, кейін лингвистердің редакциялауы
  • Клиенттік қолдау мен чат-қолданбалар қызметтеріне арналған нақты уақыт режиміндегі аудармалар
  • Жиі қойылатын сұрақтар мен интернет-форумдар
  • Деректерді үлкен көлемде — көбіне оқыту және заңды мақсаттарда іздеу
  • Ішкі қатынас қағаз
  • Каталогтар мен басқа қатаң тәртіпті ақпарат

Талаптарыңызға қарай Janus компаниясы тапсырысты өңдеу уақытына, сапасына және бағасына қойылатын талаптарды назарға ала отырып, технологияны нақты қолданбаға қолдануды оңтайландыруға және мейлінше жақсы өнімділікке жетуге арналған шешімдерді жасап шығарады. Серіктестермен бірлесіп жұмыс істеу және біздің Ресейдегі әзірлеушілер тобымыздың қолдауы арқасында жұмыс процесін интеграциялау және МА жүйесін жаңа немесе бұрыннан бар контентті глобализациялау экожүйесіне қосу жұмыстарын жүзеге асыруға болады.

Толық ақпарат алу үшін компаниямыздың өкілдеріне хабарласыңыз!