Janus Worldwide аударма компаниясы жаһандық даму стратегиясын орындауды жалғастырып, осы жолы өзінің әлемдегі қатысуын Азия-Тынық мұхиты аумағымен кеңейтті. Мамыр айында Janus Worldwide ұжымына Сингапурдан сауда жөніндегі менеджер лауазымындағы Дэн Валентайн (Dan Valentine) қосылды. Берілген аймақтағы сатылымды сенімді және сәтті дамытуға Дэннің жұмыс тәжірибесі мол және барлық қажетті білім-машықтарға ие.
Janus Worldwide компаниясы бір орында тұрмайды және үздіксіз жетілудің таңдаулы тұжырымдамаларын орындап, жаңа өсу мен даму нүктелерін іздеуді тоқтатпайды. Азия-Тынық мұхиты аймағы біз үшін қызықты локация болып табылады, біз осы перспективті, серпінді және жоғары технологиялық аймақтың клиенттерімен мықты серіктестік қарым-қатынас орнатып, оларға біздің алдыңғы қатарлы шешімдерімізді және, әрине, Follow-the-Sun өндірістік моделі аясында сервис пен кешенді лингвистикалық қолдаудың озық деңгейін ұсынуға қуанышты боламыз.