Жұмысымыздың негізінде білім мен тәжірибе жатыр

Janus Worldwide компаниясының негізі 1996 жылы құрылған. Содан бері біздің жұмысымыздың басты қағидасы клиенттерге бірінші деңгейлі қызмет көрсету және қолдау болды.

Қызметтеріміз

Janus аударма компаниясы біздің клиенттерімізге мақсатты аудиториямен үндесуге кепілдендірілген сапалы локализацияланған өнімдермен және қызметтермен жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін көптеген кәсіби лингвистикалық қызметтерді ұсынады.

GTP 2.0

GLOBAL TECHNOLOGY PLATFORM

GTP 2.0 – бұл клиент пен Janus Worldwide компаниясының тарапында орындаушы арасындағы әрекеттестікті жеңілдететін жобаларды басқаруға арналған онлайн-платформа. Ол тапсырыстарды жылдам өңдеуді қоса, аударма процесінің барлық функционалдық мүмкіндігін қамтып, статистикалық деректерді қарауға және ағымдағы жобалардың барысын және аяқталған жобалардың күйін бақылауға мүмкіндік береді.

Енді аударма процесі бірізді, автоматтандырылған және қарапайым!

Салалар

Сізге халықаралық нарықта өз брендіңізді жасау, заңды және қаржылық құжаттардың нақты аудару, ойын немесе жаттығу бағдарламасын локализациялау қажет болса да, бізде бұл үшін қажетті тәжірибе мен білім бар!

Біздің белгілі бір елдер мен салаларда жұмыс істейтін ішкі және штаттан тыс лингвисттер қоры 100-ден астам тілге аударады, локализация жасайды және көптілді тестілеуді өткізеді.

Біз туралы

Janus Worldwide – аударма мен локализация саласындағы алдыңғы қатарлы қызметтерді жеткізушілердің бірі. Аударма қызметтері, графикалық дизайн, макет, басып шығарудан бастап процестерді автоматтандыруға және контентті басқару жүйесіне дейін шешімдер ұсынамыз.

НЕГІЗГІ ФАКТІЛЕР МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

  • ISO 9001, ISO 17100 және ISO 13611 халықаралық стандарттар мақұлдаған сапа менеджментінің жүйесі.
  • Аударма және локализация саласындағы әлемдегі ірі аударма агенттіктерінің бірі ретінде 20 жылдан астам табысты жұмыс.
  • Нақты бір салаларда және CAT құралдарының кең ауқымында жұмыс істеу тәжірибесі бар 350-ден астам штаттық қызметкерлер мен 3000-нан астам штаттан тыс қызметкерлер.
  • Ең жаңа технологиялар мен жеке әзірлемелерімізді қолдану.
  • Өндірістік процестерді басқарудың тиімді құрылымы және жылдам масштабтау мүмкіндігі.
  • Сенімділік. Икемділік. Тәжірибе. Қаржылық тұрақтылық.