Энергетика

Мұнай, газ, барлау және өндіру, сондай-ақ баламалы жасыл энергия көздері Janus Worldwide компаниясының энергетика саласындағы құзыретіне кіреді. Біз компанияларға жан-жақты лингвистикалық қызметтер ұсынамыз, оның ішінде техникалық және жобалық құжаттаманың аудармасы, маркетингтік материалдар мен заңдық құжаттардың аудармасы мен бейімделуі, контент құру процесінде макет және лингвистикалық кеңес беру.

ТЕХНИКАЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ КОНТЕНТТІ ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУ

Janus Worldwide 1996 жылдан бастап ғылыми-техникалық материалдарды кәсіби аудару қызметін ұсынады. Компанияда техникалық құжаттаманың сапалы аудармасын ұсынатын техникалық аударма бөлімі бар. Ішкі жұмыстан басқа, біз клиенттеріміздің нақты талаптарын қанағаттандыру үшін ең жаңа технологияларға, құралдар мен ресурстарға қол жеткіземіз. Janus Worldwide мамандары түрлі техникалық құжаттарды аударады, соның ішінде:

  • техникалық жарияланымдар;
  • автоматтандырылған жобалаудың жүйелеріндегі сызбалар;
  • инженерлік спецификациялар;
  • техникалық нұсқаулықтар;
  • орнату бойынша нұсқаулықтар;
  • техникалық қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулықтар;
  • пайдалану бойынша нұсқаулықтар;
  • аудио және видеоформаттағы мультимедиалық материалдар;
  • сызбалар;
  • оқу материалдары;
  • бағдарламалық және аппараттық құралдың пайдаланушы интерфейстері;
  • пайдаланушы нұсқаулығы;
  • техникалық деректер;
  • веб-контент;
  • анықтамалық материалдар;
  • каталогтар;
  • қаптама.

ТЕХНИКАЛЫҚ АУДАРМА

Техникалық құжаттаманы біздің мамандар – тіл иесі аударады. Олар барлау мен өндірудің терминологиясымен және техникалық негіздерімен таныс. Біздің мамандардың алаңға, бұрғылау-жару жұмыстарына арналған жабдықтарға, ауыр құрылыс машиналарына, магистральдық құбырларға арналған пайдалану нұсқаулықтарын, сондай-ақ жел турбиналары мен электр станциялары үшін құрылыс құжаттамаларын аударуда үлкен тәжірибесі бар. Біз ISO 9001 халықаралық сапа бақылау жүйесі мен тиісті салалардағы сарапшыларымыздың көмегі арқылы серіктестерге уақытында 80-нен астам тілдегі жоғары сапалы аудармаларды ұсынамыз.

БІЗДІҢ ТӘЖІРИБЕМІЗ

Мұнай-газ өнеркәсібі
Тау-кен ісі  
Жел энергетикасы және күн энергетикасы
Геотермалды энергетика
Биоэнергетика

Аударма қажет пе? Қосымша ақпарат пен тегін смета алу үшін форманы толтырыңыз.

МАҚАЛАЛАР

МАҚАЛАЛАР