Цифрлық маркетинг саласындағы қызметтер

Цифрлық жаһандануға өту компаниялардың шығыны азырақ бизнес-модельдерді пайдалану арқылы халықаралық нарықтарға шығып, өздерінің халықаралық қызметін бұрынғыдан да тиімдірек жүзеге асыра алатынын білдіреді.

Бейімделген маркетингтік материалдарды және локализацияланған контентті пайдаланған кезде брендіңізді халықаралық аудиторияға ұсыну бірқатар қиындықтар тудырады. Брендтің өзіндік кейіпін сақтап, компанияның жолдауын мақсатты аудиторияның ерекше сипаттамалары мен ерекшеліктерін ескеріп, олардың жауабын таба алатындай бейімдеу өте маңызды болып табылады.

Веб-сайттарды, жарнамалық және маркетингтік материалдарды, сауда белгілерінің ұрандары мен атауларын шығармашылық аударма саласындағы мамандар әртүрлі ұлттық нарықтарға сәтті бейімдей алады.

ЦИФРЛЫҚ МАРКЕТИНГ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ

Janus Worldwide сарапшылары цифрлық маркетингтің кең мүмкіндіктерін барынша қолдануға көмектеседі!

ВЕБ-САЙТТАРДЫҢ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

Жай ұсынылған контент аудармасына қарағанда ауқымды процесс болып табылады: бұл мақсатты аудиторияның сипаттамасын ескеріп, маркентингтік мәтіндер мен басқа материалдарды (кескіндер, видеожазбалар және т.б.) сапалы бейімдеу, сонымен қатар веб-ресурсты ары қарай тестілеу.

КӨПТІЛДІ SEO-ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Мақсатты нарықтардың іздеу жүйелерін рейтингінде веб-сайт позициясын жақсартуға және брендтің көрінуін арттыруға мүмкіндік береді;

КОПИРАЙТИНГ

Мақсатты аудитория үшін табиғи көрінетін және жауап алатыны анық әртүрлі сипаттағы және мақсаттағы мәтіндерді (пресс-релиздер, мақалалар, веб-сайт контенті және т.б.) жасауды білдіреді.

ОНЛАЙН САУДАҒА АРНАЛҒАН ШЕШІМДЕР

Сатып алушылармен туған тілінде сөйлесіп, сатылым көлемін арттыру арқылы компанияның халықаралық нарықтарға сәтті шығуына көмектеседі.

БЕТТЕУ, ДИЗАЙН, БАСПА

Әртүрлі материалдар, оның ішінде кітапшалар, каталогтар, ақпараттық парақшалар, презентациялар, коммерциялық ұсыныстар және т.б. үшін әзірлеу, бейімдеу және бір стильде жасауды қамтиды.

МАРКЕТИНГТІК МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ДИЗАЙНЫ

Графикалық ақпаратты, пішімдеу қателерін және т.б. көрсетуге байланысты проблемаларға әкелетін кодтау қателерін анықтау мақсатында локализацияланған өнім интерфейсін мұқият зерттеуді білдіреді.

НЕ ҮШІН JANUS WORLDWIDE?

  • Нағыз сарапшылар ұжымы
    Мамандарымыздың білім көкжиегі кең және релевантты жұмыс тәжірибесіне ие.
  • Көрсетілетін қызметтердің кең ауқымы
    LSP-ден BPO-ға түрлендіру тек лингвистикалық компания шектеуінен шығу ретінде.
  • Қуатты технологиялық құрамы
    Күнделікті қызметте өз технологиялық әзірлемеміз – GTP платформасының – құралдарын және саланың үздік шешімдерін қолдану.
  • Тиімді масштабтау мүмкіндігі
    Кез келген көлемдегі және тақырыптағы жобалармен жұмыс.
  • Сенімді жеткізушінің мінсіз репутациясы
    Ресей, Шығыс Еуропа және әлемнің аударма компаниялары рейтингтеріндегі бастапқы орындар мен клиенттеріміздің көптеген оң пікірлері куә болмақ.

Біздің жұмысымыздың негізінде білім мен тәжірибе жатыр

ПОРТФОЛИО

ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

ЖЕТІСТІК ТАРИХЫ

ВИДЕО