БЕТТЕУ, ДИЗАЙН, БАСПА

Көптілді беттеу құжаттаманы кез келген шет тілінде бірдей тартымды етуге мүмкіндік береді. Кәсіби дизайн, өз кезегінде, жарқын бояулар қосса, жоғары сапалы басып шығару мазмұнына керемет пішім береді. Janus Worldwide сарапшылары осы бағыт аясындағы кез келген тапсырманы орындай алады: біз 80-нен аса шет тілдермен және (әртүрлі маркетингтік материалдардан маңызды заң құжаттарына дейінгі) әртүрлі форматтарда жұмыс істейміз.

JANUS КОМПАНИЯСЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫНА 100% СЕНІМДІ БОЛА АЛАСЫЗ!

КӨПТІЛДІ БЕТТЕУ

Кескін мыңдаған сөзден тұратыны баршаға мәлім, сондықтан оңтайлы кескіндер мен графиканы пайдалану – үздік таңдау. Беттеу құжаттың сыртқы көрінісін жетілдіруге мүмкіндік береді. Дегенмен оның артықшылығы осымен шектеліп қоймайды. Тиісті түрде пайдаланғанда, беттеу контенттің визуалдық ұғынуын жақсартып, түрлі ақпараттың таралу процедурасын жеңілдетеді. Оған қоса, ол құжаттың дұрыс басып шығарылуына және байланыстың дұрыстығына кепілдік беретін файлды дайындау құралы болып табылады.

Біздің локализация және беттеу жөніндегі мамандарымыз жергілікті нарықтағы сатып алушыларға түсінікті болатын және мәдение контекстке сәйкес болатын тиімді өнімдер мен қызметтерді жасауға көмектеседі.

Көптілді беттеу, әдетте, аударма процесінің ең соңғы кезеңі болып табылады. Онда контенттің қажетті техникалық және мәдени бейімделуімен бір уақытта аударма тілдеріндегі құжаттың түпнұсқасының форматын көбейту қарастырылған. Осы процедураның мақсаты – бастапқыда мақсатты тіл үшін жасалған болып көрінетін құжатты жасау.

БЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТАПСЫРМАЛАРЫ:

  • мәтінді толық түсінуді қамтамасыз ету;
  • файлдардан контент, сонымен қатар аудармаға арналған редакцияланбайтын форматтар алу;
  • мақсатты тілдің жазылуына сәйкес қаріптердің өзгерту;
  • кұжатпен бірге берілетін стильдердің үлгісі мен кестесін өзгерту;
  • мазмұнын жаңарту;
  • графиканы редакциялау;
  • мақсатты тілге сәйкес алфавиттік көрсеткішті жасау;
  • мәтінді қысқарту немесе кеңейту барысында макетке өзгертулер енгізу;
  • графиканың, кестелердің және бағандардың көрсетілуіне қатысты ақауларды шешу.

ПОРТФОЛИО

ЖЕТІСТІК ТАРИХЫ

ВИДЕО