ОНЛАЙН САУДАҒА АРНАЛҒАН ШЕШІМДЕР

Онлайн-сауда өмірімізге нық еніп, ғажайып танымалдылыққа ие болып келеді. Сауда алаңдарыңыздың локализациясы – жаңа халықаралық нарықтарда сәтті коммерциялық қызметті жүзеге асыруға дұрыс қадам. Ықтимал сатып алушылар ақпараттың туған тілдерінде берілуін бағалайтыны сөзсіз. Біздің сарапшылар (веб-сайт пен мобильді қолданбаны локализациялаудан мәдени және басқа да мақсатты нарық реалийлерін ескеріп жарнамалық акциялар мен науқандар әзірлеуге дейінгі) әртүрлі шешімдер ұсынады.

JANUS КОМПАНИЯСЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫНА 100% СЕНІМДІ БОЛА АЛАСЫЗ!

ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА САЛАСЫНДАҒЫ ЛОКАЛИЗАЦИЯ

Электрондық сауда – біздің заманымыздың керемет құбылыстарының бірі. Алайда, тілдік тосқауылдар әлемдік бренд құру жолындағы ең үлкен проблемалардың бірі болып қала береді. Электрондық сауда саласындағы барлық компанияға әлемдік нарықта өзінің ауқымын кеңейту үшін локализация қажет. Егер сіздің потенциалды клиенттеріңіз сізді таба алмаса, сонымен қатар сіз олардың тілінде сөйлемесеңіз, олар сізбен сауда жасамайды. Сатып алушылар әрқашан өнімдер туралы ақпаратты локализациялайтын брендтерді таңдайды. Жеке қарастыру мүмкіндігі де міндетті шарттың бірі болып табылады. Себебі адамдар өздері түсінбейтін және эмоционалды резонанс тудырмайтын нәрсені сатып алмайды. Жергілікті қажеттіліктерге сай хабарламаңызды локализациялау, жергілікті сатушылармен бәсекелес болуға мүмкіндік береді. Көптілді локализация потенциалды клиенттердің кең аудиториясын қамтуды көздейтін кез келген электрондық сауда компания үшін әдеттегі тәжірибеге айналды. Клиенттердің 75%-ы ағылшын тілінде сөйлемейтіні және ақпаратты ана тілінде алуды қалайтыны анықталды. Сонымен қатар, тұтынушылардың басым көпшілігі (92,2%) бағаларды жергілікті валютада көрсететін сайттарда онлайн сауда жасауды жөн көреді. Сондықтан қысқа уақыт ішінде көп өнім сату үшін веб-сайтқа кірушілерге жоғары сапалы қызметтер мен пайдаланушының оңайлатылған интерфейсін ұсыну өте маңызды.

ӨНІМДЕРДІҢ СИПАТТА­МАЛАРЫН­ АУДАРУ

Өнімнің сипатта­маларындағы­ айқын қателерді болдырмау.

Құралдар — мақсатты елдегі кәсіби лингвистер және белгілі бір салалардағы эксперттер.

ВЕБ-САЙТТЫ ЖӘНЕ МОБИЛЬДІ ҚОЛДАНБАНЫ ЛОКАЛИЗАЦИЯ­ЛАУ

Көптілді клиенттік базану қамту

Өнімнің беті үшін мәнер нұсқаулығы

Құралдар — веб-сайтты және мобильді қолданбаны локализациялау саласындағы шешімдер.

ВЕБ-ИНТЕРФЕЙСТІ АУДАРУ

Жергілікті шарттарға сәйкес сатып алудың бастапқы тәжірибесін сақтау.

Құралдар — контентті аудару және маркетингтік бейімдеу.

МАРКЕТИНГТІК НАУҚАНДАРДЫ ЖЕКЕЛЕНДІРУ

Мәдени айырмашылықтарға сәйкес науқандарды жергілікті тілде өткізу

Құралдар — транскреация және маркетингтік бейімдеу.

Тұтынушылар интернет-дүкенге көшкен сайын, цифрлық кеңістіктегі жекелендірілген цифрлық әрекеттесу тәжірибесіне деген сұраныс артады.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА САЛАСЫНДА ЛОКАЛИЗАЦИЯ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Электрондық сауданы саласында локализация сатылымның артуына әсер етеді

  • Сатылмаған өнім шығыны мен шетелдік сатып алушылар арасындағы байланыс.

Сатып алушыларға локализация қажет

  • Жергілікті валютадағы бағалар
  • Пошта индексіне дейін жеткізу нұсқаларын егжей-тегжейлі қарау

Сапалы аударма, іздеу жүйесін оңтайландыру (SEO), Janus Connect және Janus Dashport кешенді шешімдері – осының барлығы Janus компаниясының халықаралық электрондық сауда шешімдерінің бөлігі.

ВИДЕО