ВЕБ-САЙТТАРДЫҢ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

Веб-сайттардың сапалы локализациясы сізге жаңа нарықтарда барынша бәсекеге қабілетті етіп, көбірек клиенттерді табуға мүмкіндік береді. Интернет пайдаланушылары ана тіліндегі контенттер берілген веб-сайттарды пайдаланғылары келеді. Сайтыңыздың әртүрлі тілдегі нұсқаларын жасау – халықаралық нарықтарда бизнесіңіздің болашағына дұрыс инвестиция. Біздің сарапшыларымыз веб-сайттың локализациялаудың барлық қыр-сырларын біледі. Сіз бізге толық сеніп, веб-ресурсыңыздың ешбір бөлшегі қараусыз қалмайтынына сенімді болуыңызға болады.

JANUS КОМПАНИЯСЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫНА 100% СЕНІМДІ БОЛА АЛАСЫЗ!

ВЕБ-САЙТТАРДЫҢ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР

Әдетте, клиент сіздің веб-сайтыңызды көргенде сіздің брендіңіз туралы алғашқы әсер алады. Әртүрлі аудиторияға сәйкес тілде ақпарат беретін функционалды, ыңғайлы және түсінікті байланыс құралдары қажет. Бірақ, әдеттегідей, жоғары сапалы локализацияланған веб-контентке арналған шешімдерді әзірлеу кезінде бірнеше аспектілерді ескеру қажет.

Пайдаланушылар шетел тіліндегі веб-сайттарды ұнатпайды.

Пайдаланушылар шетел тіліндегі веб-сайттарды ұнатпайды, аударылған веб-сайтта жарнамалар, бейнематериалдар немесе маркетингтік хабарламалар локализацияланбағандықтан, шет тілі пайдаланушысын шатастырады және оларға түсініксіз әсер қалдырады. Барлық сандық маркетингтік активтерді локализациялау брендтерге әртүрлі елдердегі клиенттерге, қандай тілде сөйлесуіне қарамастан бірдей қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Кешенді Janus тәсілінің артықшылықтары:

– кез келген форматта бастапқы кодты өңдеуге қабілетті тәжірибелі инженерлер;
– сенімді, жоғары білікті лингвистер тобы (аудармашылар, корректорлар, рецензенттер, мамандандырылған сарапшылар);
– кәсіби CAT құралдарын қолдану (талдау, сегменттеу, бірізділік);
– аударма жады және технологиялық шешімдер (бекітілген терминология, шығындарды оңтайландыру);
– клиенттерге арналған GTP онлайн-порталы [безопасный обмен данными, отслеживание статуса и хода выполнения перевода/анализ операций/формирование статистики (планирование бюджета, контроль затрат)].

Клиентпен өзара әрекеттесу және өзара сенім веб-сайтты локализациялау сияқты күрделі процесс үшін өте маңызды.

Janus Worldwide көп тілді веб-контентті локализациялау мен басқаруды, кез-келген тілге жоғары сапалы маркетингтік аудармаларды және веб-сайтты тестілеу қызметін ұсынады. Бұл клиенттерге толықтай қауіпсіз жүйені және синхрондалған халықаралық веб-сайттарды ұсынады, олар жұмыс істей бастағанда қиындықсыз болады.

Неліктен Janus Worldwide?

Бізді локализацияға және сандық маркетинг құралдарына қатысты барлық нәрселер шабыттандырады. Сіз бізді таңдай отырып, сіз неғұрлым күрделі шешімдерге, баламаларға және жоғары сапалы нәтижеге қол жеткізесіз. Сіз Janus сарапшыларына 100% сене аласыз, өйткені біздің іс-әрекетіміздің негізі кәсіби шеберлік!

КОНТЕНТТІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ (API)

Контентті басқару жүйесі (API) файлдарды аударуға автоматты түрде жіберу және дайын файлдарды жіберу үшін екі фазалы әдісті қолданады. Нәтижесінде, соңғы материалдарды клиенттің жүйесіне қайта көшіру адамның қатысуынсыз жүзеге асырылады. Нұсқаулықты көшірудің орнына сізге Janus Connect API-ге ыңғайлы сілтеме ұсынылады, ол SOAP протоколы (компьютерлік желілердегі XML хабарламаларының қарапайым стандарты) негізінде Janus компаниясының аударманы басқару жүйесіне файлдарды автоматты түрде жіберуге қолданылады. Мазмұнды басқару жүйесінде сіз қандай мазмұнды және қай тілде керектігін анықтайсыз, содан кейін жүйе Janus-қа файлдарды жібереді. Аударма аяқталғаннан кейін, сіздің жүйеңіз аударылған файлдарды автоматты түрде қайтарып алады және оларды көрсетілген жерге орналастырады. Бұл операцияларды автоматтандыру уақыт пен жұмыс күшінің үнемделуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар файлдарды экспорттау және көшіру кезінде адами факторды азайтады. Бұл соңында аударма процесін жеңіл әрі тиімді етеді.

API – ҚОЛДАНБАНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ИНТЕРФЕЙСІ

  • Икемді жұмыс процесі (қызмет деңгейінің жеке келісімі, әр іс-әрекет автоматты түрде немесе клиент/ЖМ растағаннан кейін орындалады).
  • Өнімді нарыққа жылдам әрі аз шығынмен ұсынады (тапсырыстың орындалу жылдамдығы мен құны аударма процесінің күрделі автоматтандырылуына байланысты төмен).
  • Нәтиженің жоғары сапасы (аударма процесін қазіргі заманғы аударма жобасын басқару жүйесі басқарады).

ВИДЕО