Ауызша аударма

Janus компаниясы клиенттер дүние жүзі бойынша клиенттермен тиімді сөйлесіп, әрекеттесуге мүмкіндік беретін ауызша аударма саласында сертификатталған қызметтерді ұсынады.

Біздің көптілді ауызша аудармалар орталығымыз тапсырыс берушілерге лингвистикалық және техникалық қолдау көрсетудің толық жиынтығын ұсыну үшін 2008 жылы жасалды. Осы саланың алдыңғы қатарлы компаниясы болып, біз өзінің пән саласын жетік біліп қана қоймай, аударылатын тілдің мағынасын түбегейлі меңгере білетін біліктілігі жоғары мамандардың бірегей командасын жасадық.

«АУЫЗША АУДАРМА» БАҒЫТЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ

Janus Worldwide сарапшыларының ұжымы түрлі іс-шаралар форматы аясында кез келген тақырыппен жұмыс істейді!

ІЛЕСПЕ АУДАРМА

Аудармашы аударылатын мәтінді бір уақытта тыңдай отырып аударады, бұл уақытты үнемдеп, сөйлесуге динамика береді және іс-шара статусын арттырады.

ІЗБЕ-ІЗ АУДАРМА

Аудармашы сөздің бөлігін тыңдап немесе оратордың ойын түсінген соң аударады, бұл оны қозғалыста орындауға мүмкіндік беріп, іс-шараның мобильділігін арттырады және қатысушыларға қосымша пайдалы уақыт береді.

ШУШУТАЖ

Сөйлеуші сөйлеп жатқанда бір-екі тыңдаушыға сыбырлап аударуды білдіреді.

ВИДЕОҚАШЫҚТАН АУДАРУ

Дәстүрлі ауызша аударма мен онлайн-байланыс технологиялық пішімінің артықшылықтарын қамтиды.

ГИД-АУДАРМАШЫ

Іскери сапар барысында бизнес-серіктестермен тиімді сөйлесуге, сонымен қатар баратын ел туралы жаңа және қызықты нәрселер білуге көмектеседі.

ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Сала бойынша қызметтердің кең ауқымын білдіреді: жоспарлау және әзірлеу, аударма қызметтері, техникалық қамтамасыз ету және тағы басқа, оның ішінде қонақтарды қарсы алу және кейтеринг қызметтерін ұсыну.

ЖАБДЫҚТЫ ЖАЛҒА АЛУ

Кез келген пішімдегі іс-шараны сәтті жүргізуге мүмкіндік береді; ілеспе аударма, аудио- және видео-конференц-байланысқа арналған құрылғы, дыбыстық және презентациялық құрылғы, сонымен қатар конференц-жүйелер, дыбыстау жүйелері және гид радиожүйелері жалға беріледі.

НЕ ҮШІН JANUS WORLDWIDE?

  • Нағыз сарапшылар ұжымы
    Мамандарымыздың білім көкжиегі кең және релевантты жұмыс тәжірибесіне ие.
  • Көрсетілетін қызметтердің кең ауқымы
    LSP-ден BPO-ға түрлендіру тек лингвистикалық компания шектеуінен шығу ретінде.
  • Қуатты технологиялық құрамы
    Күнделікті қызметте өз технологиялық әзірлемеміз – GTP платформасының – құралдарын және саланың үздік шешімдерін қолдану.
  • Тиімді масштабтау мүмкіндігі
    Кез келген көлемдегі және тақырыптағы жобалармен жұмыс.
  • Сенімді жеткізушінің мінсіз репутациясы
    Ресей, Шығыс Еуропа және әлемнің аударма компаниялары рейтингтеріндегі бастапқы орындар мен клиенттеріміздің көптеген оң пікірлері куә болмақ.

Біздің жұмысымыздың негізінде білім мен тәжірибе жатыр