ЖАБДЫҚТЫ ЖАЛҒА АЛУ

Іс-шараңыздың форматы мен көлеміне қарай, оның сәтті өтуі үшін қандай да бір құрылғы керек болатыны сөзсіз. Janus Worldwide ұжымы іс-шараңыздың жоғары деңгейде өтуіне көмектесетін әртүрлі техниканың кең ауқымын жалға бере алады. Біздің арсеналымызда ілеспе аударма, дыбыстық, презентациялық, аудио- және видео-конференц-байланыс құрылғылары, гид радиожүйелері, конференц-жүйелер және дауыс беру жүйелері бар. Жабдықты жалға беруден басқа, іс-шараларды техникалық сүйемелдеу қызметтерін көрсетеміз.

АУЫЗША АУДАРМАҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚ

Іс-шараңызға жабдықтың толық ауқымын ұсынамыз. Іс-шараларды өткізу саласында үлкен тәжірибесі бар менеджерлеріміз сіздің іс-шараңыз сәтті өтуіне барын қосады. Біздің мамандарымыз ең талапты клиенттер үшін ең қысқа уақытта халықаралық конференциялар, форумдар, конгрестер, оқу семинарлары, көрмелер мен бизнес-келіссөздер сияқты басқа көптеген іс-шараларды ұйымдастыра алады.

Ілеспе аударма жабдығы

Ілеспе аудармаға арналған жүйені жалға алу, халықаралық форматтағы іс-шараңызды жоғары деңгейге өткізуге мүмкіндік береді. Жабдықтың жұмысы халықаралық стандарттағы сапаға сәйкес келеді және халықаралық деңгейдегі іс-шараңыздың сәтті өтуіне ықпал етеді. Bosch Integrus ілеспе аударма жүйесі келесіні қамтиды:

  • жүйенің орталық блогы;
  • цифрлық таратқыш;
  • ИҚ-сәулелендіргіш;
  • Құлаққабы бар ИҚ-қабылдағыш;
  • құлаққабы бар аудармашының пульті;
  • коммутация жинағы.

Гидтің радиожүйесі

Сөздің ілеспе аудармасының жеңілдетілген нұсқасы үшін мобильді жинақ ретінде гидтің мобильді радиожүйесін пайдалануға болады. Шағын жинақы кейстегі ілеспе аудармаға арналған мобильді жабдықтың жинағын жалға алып, аудармашы іс-шарада ілеспе аударманы ешбір қиындықсыз орындай алады, себебі жабдықты пайдалану үшін арнайы біліктіліктің, реттеудің және үнемі техникалық қызмет көрсетудің керегі жоқ. Ілеспе аударма жинағына микрофоны бар аудармашының гарнитурасы, таратқыш, қатысушылардың қабылдағыштары мен құлаққаптары кіреді. Өткізілетін орынға және бөлменің немесе алаңның ерекшелігіне қабылдағыштар сигналды 200 метрге дейінгі аралықтан қабылдай алады. Радиогидтің негізгі құндылықтары:

  • ықшам өлшем;
  • жеңіл және көзтартарлық сыртқы көрінісі;
  • батареяның үнемді тұтынылуы;
  • интуитивтік түсінікті басқару схемасы;
  • дыбысталудың цифрлық сапасы;
  • жалға алудың қымбат емес құны;
  • мобильді;
  • әмбебап.

Дыбыстық жабдық

Janus компаниясы клиенттеріне алдыңғы қатардағы әлемдік өндірушілердің заманауи дыбыстық жабдығын ұсынады: JBL, Shure, Pioneer, Arthur Forte, Yamaha, Sennheiser, Numark және т.б. Дыбыстық жабдықты біздің компаниямыздан жалға алсаңыз, қатысушылардың кез келген санындағы масштабтық іс-шараны ұйымдастыра аласыз. Дыбыстық жабдық презентациялық жабдықтың және конференц-жүйенің жұмысымен техникалық үйлесімді. Бұл ұйымдастырушылар дыбыстың жоғары сапасына сенімді бола алатынын және іс-шараның материалдарын CD-, DVD- және USB-жинақтағыштарды қоса, әртүрлі тасығыштарға жаза алатынын білдіреді. Біздің мамандарымыз бірінші қадамнан-ақ іс-шараңыздың техникалық жұптасуының барлық ерекшеліктерін алдын алуға, сондай-ақ техникалық райдерді әзірлеп, жабдықтың монтажын жасауға көмектеседі. Конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді және сол сияқты іс-шараларды дыбыстауға арналған дыбыстық жабдықтың стандартты жинағы келесіні қамтиды:

  • екі белсенді акустикалық жүйе (350 Вт) + тіректер;
  • звукорежиссерлық пульт;
  • екі динамикалық радиомикрофон;
  • ноутбук.

Конференц-жүйелер

Барлық қатысушы пікірталасқа белсенді түрде қатысатыны күтілетін форматтағы іс-шараларды өткізу үшін Bosch компаниясы өндірген DCN Next Generation конференц-жүйелері пайдаланылады. Жинаққа кіретін конференцияларға арналған аударма құрылғысы пікірталастарды бақылау және модерациялау процесін жеңілдетеді. Жүйенің негізгі ерекшеліктерінің бірі – оператордың көмегінсіз байланысудың мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. DCN конференц-жүйесінің негізгі артықшылықтары:

  • сөздің үздік сапасы және ыңғайлы басқару;
  • сөзкөмектері бар көпфункционалды пульттер;
  • кез келген түрдегі электрондық дауыс беру функциясы;
  • ілеспе аударма (сымды және сымсыз);
  • презентацияның және сөйлеушілердің видеокөрсетілімі, телекөпірлер.

DCN – кабельдік ажыратқыштарға тәуелді емес, кел келген бөлмеге жылдам орнатуға болатын конференц-жабдық. Сымсыз конференц-жүйелерді мобильді орнатуға ыңғайлы. Жүйеде сигналды қармаудың жоғары деңгейдегі қорғанысы бар.

Дауыс беру жүйелерін жалға алу

Дауыс беру жүйесін жалға алу – бұл дауыс беруді, сайлауларды, аттестацияны немесе тестілеуді өткізу қажет кез келген іс-шаралар үшін үздік таңдау. Janus компаниясының электрондық дауыс берудің интерактивті жүйесі арқылы делегаттардың ойын жылдам білуге, пікірталас туралы аудиторияның ойын анықтауға, қызметке үміткер сайлауды өткізуге болады. Сауалнама жүйесін сыйымдылығы өте үлкен аудиторияда қолдануға болады: бір сауалнама жүйесіне қабылдағышты және 600 данаға дейін пультті орнатуға болады. Электрондық дауыс беру жүйесін кім қолданады:

  • халықаралық форумдардың, съездердің, конференциялардың ұйымдастырушылары (талқыланып жатқан тақырып бойынша сауалнама нәтижесінде алынған деректерді жинау және өңдеу);
  • бизнес-тренерлер (оқып жатқан аудиториядан сауалнама алу);
  • мектептер мен жоғары оқу орындарының мұғалімдері (оқушылардан және студенттерден сауалнама алу);
  • өнім бойынша менеджерлер (ұсынылатын өнім немесе қызмет жөнінде тұтынушының ойын дұрыс бағалау мүмкіндігі);
  • маркетинг бойынша менеджерлер (жүйе жарнама және маркетинг саласындағы бірқатар бизнес-тапсырмаларды шешуге таптырмайтын құрал);
  • қызметкерлер бойынша менеджерлер (орындалған жұмыс туралы басшылардың ойын дұрыс бағалау, қызметкерлерді оқытқанда, білімін тексеру).

Презентациялық жабдықты жалға алу

Janus компаниясы кез келген масштабтағы іс-шаралардың техникалық жабдықтау үшін заманауи мультимедиалық және проекциялық жабдықтың толық ауқымын жалға береді. Кең таңдаудағы алдыңғы қатарлы әлемдік брендтердің презентациялық жабдығын кез келген мерзімге жалға алу:

  • проекторлар;
  • плазмалық панельдер;
  • СК-панельдер;
  • жарықдиодты панельдер;
  • видеоқабырғалар;
  • интерактивті тақталар;
  • планшеттер, құжат-камералар;
  • проекторлар мен басқа жабдыққа арналған экрандар.

Аппараттық жасақтаманың конфигурациясы: маман презентацияға қажетті жабдықтың компоненттерін іріктеп алып, олардың бірлескен жұмысын қамтамасыз етеді. Janus мамандары презентацияларға қажетті жабдықтың компоненттерін дұрыс іріктеуге көмек көрсетіп, келесі қызметтерді ұсынады:

  • презентациялық жабдықты монтаждау және бөлшектеу қызметтері;
  • сервистік қызмет көрсету;
  • қала бойынша және аймақтарға жеткізу.

Аудио және видео-конференц-байланыс жабдығын жалға алу

Аудиоконференция жүйесі әрбір қатысушыға іс-шараның толық қатысушы болуға мүмкіндік береді. Артықшылығы дыбыстың жоғары сапасы, бөгде шуылдар мен жаңғырықтың жоқтығы болып табылады. Аудиоконференцияға арналған жабдықты пайдаланғанда әңгімелесуші дәл осы залда отырғандай әсер қалдырады. Видео-конференц-байланыс жетілген және жақсы тәжірибеден өткен технология болып табылады. Видео-конференц-байланыстың заманауи жүйелері іскери сөйлесудің әртүрлі сценарийлерін орындауға мүмкіндік береді: келіссөздер, мәжілістер, пікірталастар, семинарлар – қосымша визуалдық ақпаратты пайдалану, құжаттарды бірлесіп талқылау және редакциялау. Видео-конференц-байланыстың жүйелері келесі сияқты тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді:

  • шешімді қабылдау жылдамдығын арттыру;
  • негізгі қызметкерлердің уақыт жоғалтуын азайту;
  • іссапар және үстеме шығындарды қысқарту.