ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Janus Worldwide сарапшылары кез келген форматтағы және көлемдегі іс-шараны (тұжырымдамасы мен сценарийлік жоспарын әзірлеуден техникалық қамтамасыз ету мен қосымша қызметтердің кең ауқымына дейін, оның ішінде шақырулар әзірлеу және тарату, қонақтарды қарсы алу, кейтеринг және т.б.) сізге дап-дайын етіп ұйымдастырып береді. Және де ұжымымыз сізге жан-жақты лингвистикалық қолдау ұсынады: ауызша аударманың барлық түрлері: синхрондық, ізбе-із, видеоқашықтан, сыбырлап адуару, сондай-ақ кез келген қажетті материалдардың жазбаша аудармасы.

ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Біздің компания Ресейдің кез келген қаласында және басқа ТМД елдерінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуде серіктестіктің түрлі форматтарын ұсынады. Қызметтер жиынтығы іскери іс-шаралар мен конференциялар ұйымдастыруға және жабдықтауға арналған қызметтердің барлық спектрін қамтиды. Жинақталған жұмыс тәжірибесінің арқасында бөлімшелердің әрекеттері нақты үйлестірілген. Тұтынушыдан стратегиялық мақсат қоюдан басқа ешнәрсе талап етілмейді, ал қалғанын Janus мамандары орындайды. Біздің техникалық қолдау қызметі алғашқы қадамдардан бастап сіздің іс-шараңызға техникалық сүйемелдеудің барлық нюансын көруге, сондай-ақ техникалық райдерді әзірлеуге және жабдықты орнатуға көмектеседі.

Janus компаниясы іс-шараны ұйымдастырудың толық циклін ұсынады.

Жоспарлау және әзірлеу бойынша қызметтер:

  • іс-шараның концепциясын әзірлеу;
  • ойын-сауық бағдарламасын қоса, іс-шараның сценарийлік жоспарын әзірлеу;
  • сәйкес орындармен қамтамасыз ету;
  • қатысушыларды онлайн-тіркеу;
  • іс-шараның техникалық құралдарын қамтамасыз ету;
  • конференцияларға арналған буклеттер мен құжаттама пакетін жобалау және басып шығару;
  • фото және видеотүсірілім;
  • іс-шара материалдарын CD, DVD, USB тасығыштарына кейінгі көшіру мүмкіндігімен жазу.

Аударма қызметтері:

  • ілеспе аударма қызметтері;
  • ізбе-із аударма қызметтері;
  • құжаттаманы, презентацияларды, пресс-релиздерді аудару бойынша қызметтер;
  • қонақтарға арналған ілеспе қызметтер;
  • видеоқашықтан аудару.

Іс-шараларды техникалық қамтамасыз ету:

  • сөйлеудің ілеспе аудармасының жабдығы;
  • дыбысты күшейту жабдығы;
  • радиомикрофондар (қолға ұстайтын, түйме тәрізді, басқа тағылатын және басқа модификациялары);
  • «Дөңгелек үстел» конференц-жүйелері;
  • дыбыс жазу жүйелері (цифрлық және аналогтық), протоколдау;
  • презентациялық жабдық: проекторлар, компьютерлер, экрандар.

Қосымша қызметтер:

  • презентацияға шақыруларды әзірлеу және тарату;
  • қонақтарды күтіп алу, спикерлерді, журналистерді шақыру;
  • іс-шара болатын жерде қатысушыларды тіркеу;
  • баспа, сыйлық өнімдері мен қатысушының портфелін жобалау және дайындау;
  • кейтеринг қызметін қамтамасыз ету.