ВИДЕОҚАШЫҚТАН АУДАРУ

Видеоқашықтан аудару бірден танымалдыққа ие болып, сұраныстағы қызметке айналуда, ал көп жағдайда шынымен де таптырмайтын шешім болып табылады. Логистикаға шығынның болмауы, құпиялықтың жоғары деңгейі, конференцияны жазу және түсіндіру мүмкіндігі – конференция, форум, іскери кездесулер мен басқа да әртүрлі ауқымдағы шараларды жүргізуге кеңінен қолданылатын осы заманауи және уақытылы шешім артықшылықтарының толық емес тізімі. Janus Worldwide сарапшылары видеоқашықтан аудару қолданылған көптеген жобаларды жүзеге асырып үлгерді.

ВИДЕОҚАШЫҚТАН АУДАРУ

Қазіргі заманның жағдайына байланысты видеоқашықтан аудару (VRI) қызметінің сұранысы артып тұр. Видеоқашықтан аударудың артықшылығы телефонның көмегімен лезде аударып, бетпе бет ауызша аударма алу болып табылады. Жаһандық цифрлық трансформация барысында және бизнесті жүргізудің өзгеріп жатқан шарттарына жауап ретінде видеоқашықтан аудару қызметі бұдан былай жаңа технология болып есептелмейді. Ол кез келген түрдегі виртуалды мәжілісті өткізуді және ауызша аударуды қамтамасыз етеді: қатысушылары көп халықаралық конференциялар, іскерлік келіссөздер, вебинарлар мен басқа шаралар.

Видеоқашықтан аударуға сұраныс өте қатты артқандықтан, видеоқашықтан аудару қызметі лингвистикалық қызметтер саласындағы қарқынды дамып жатқан саланың бірі болды. Janus Worldwide компаниясы маманның шараға тікелей қатысуы мүмкін болмағанда, қашықтан аударма қызметін қамтамасыз ету арқылы клиенттер мен серіктестерге тіларалық қатынасуды ұйымдастыруға әрқашан дайын.

Біз әрдайым кез келген жағдайда сенімді серіктес мәртебемізді сақтай отырып, кәсіпқойлар сияқты әрекет етеміз. Біздің интерпретация бөлімінің қызметкерлері конференциялар мен вебинарларда қашықтан видеоқашықтан аударма қызметін ұсыну бойынша көптеген жобаларды жүзеге асырды.

ВИДЕОҚАШЫҚТАН АУДАРУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • қажетті тақырыпта және тілдік жұпта жұмыс істейтін лингвистерді тегін іріктеу;
  • конференцияларды жазу және Janus Worldwide мамандары олардың кейінгі шифрын ашу мүмкіндігі;
  • қауіпсіздіктің және құпиялылықтың жоғары деңгейі;
  • байланыстың жоғары сапасы;
  • Janus Worldwide командасының техникалық қолдауы;
  • логистикаға шығынның болмауы;
  • аударма платформасын пайдалану қарапайымдылығы және интуитивті түрде түсінікті пайдаланушы интерфейсі;
  • шараларды оңай жоспарлап, шақыртулар жіберу үшін кең тараған кеңсе қолданбаларымен интеграциялау.