Мультимедиа локализациясы

Мультимедиа – идеяларыңызды мақсатты аудиторияға есте қалатын формада және жоғары эмоциялық әсер ету деңгейінде жылдам жеткізуге мүмкіндік беретін дыбыстың, кескіннің, видеоның және интерактивті презентацияның мықты тіркесімі.

Janus компаниясы мультимедиалық контентті аудару және локализациялау, аудиоматериалдарды жасау, видеоны дыбыстау және субтитрлеу бойынша толық жұмыстар кешенін жүзеге асырады, сондай-ақ алдын ала дайын материалдарды лингвистикалық тексерістен өткізеді және сапасын бақылайды. Қызметтер жобалық талаптарға сәйкес түбегейлі толық аяқталған күйінде де, бөлек кезеңдер бойынша да көрсетіледі.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ

Мультимедиа саласындағы Janus Worldwide сарапшылары жобаңызды жоғары деңгейде жүзеге асырады!

ВИДЕОМАТЕРИАЛДАР ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

Кешенді аударма, контентті редакциялау, мәтіндік қабаттармен және арнайы әсерлермен жұмыс, сондай-ақ анимация жасау және дауыс жазбасын қамтиды.

ВИДЕОӨНДІРІС

Жұмыс бағыты видеомаркетинг стратегиясын әзірлеу мен сценарийді жазудан постпродакшен мен ақырғы материалды интернетте жариялауға дейінгі қызметтердің кең ауқымын білдіреді.

ОНЛАЙН-КУРСТАРДЫҢ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

Сарапшыларымыз толық аяқтап орындайды: мәтін, сызба, аудио, видео, пайдаланушы интерфейсі және тағы басқа – ешқандай элемент назарсыз қалмайды.

МӘТІНДІ СӨЗГЕ ТҮРЛЕНДІРУ

Немесе машиналық кадрдан тыс дыбыстау – қаржылық немесе уақыттық шектеулер болған жағдайларда қажет болатын дыбыстау актерының жұмысына баламалы шешім.

САПАНЫ БАҚЫЛАУ

Кез келген материалды тапсыру алдындағы қандай да бір кемшіліктердің болмауын қамтамасыз ететін міндетті процедура болып табылады.

НЕ ҮШІН JANUS WORLDWIDE?

  • Нағыз сарапшылар ұжымы
    Мамандарымыздың білім көкжиегі кең және релевантты жұмыс тәжірибесіне ие.
  • Көрсетілетін қызметтердің кең ауқымы
    LSP-ден BPO-ға түрлендіру тек лингвистикалық компания шектеуінен шығу ретінде.
  • Қуатты технологиялық құрамы
    Күнделікті қызметте өз технологиялық әзірлемеміз – GTP платформасының – құралдарын және саланың үздік шешімдерін қолдану.
  • Тиімді масштабтау мүмкіндігі
    Кез келген көлемдегі және тақырыптағы жобалармен жұмыс.
  • Сенімді жеткізушінің мінсіз репутациясы
    Ресей, Шығыс Еуропа және әлемнің аударма компаниялары рейтингтеріндегі бастапқы орындар мен клиенттеріміздің көптеген оң пікірлері куә болмақ.

Біздің жұмысымыздың негізінде білім мен тәжірибе жатыр

МАҚАЛАЛАР

ЖЕТІСТІК ТАРИХЫ