ОНЛАЙН-КУРСТАРДЫҢ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

Онлайн-оқу (eLearning) танымал бола түсуде. Janus Worldwide компаниясының сарапшылары контенттің барлық құрамдастарын, оның ішінде мәтін, сызба, аудио, видео, интерфейстің кез келген элементтері және т.б. кешенді локализациялай отырып, оқыту курстарын әлемнің әртүрлі елдерінде тиімді және әсерлі ұсынуға көмектеседі. Біз кез келген тілдермен, тақырыптармен және пішімдермен жұмыс істейміз. Аудиторияға жаһандық деңгейде ақпарат таратып, әлемге әйгілі брендке айналыңыз, біз сізге көмектесеміз.

ОНЛАЙН-КУРСТАРДЫҢ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

e-Learning курстарын локализациялау бойынша қызмет көрсетушіні таңдағанда, олардың жоғары стандарттарға сай екеніне және дәл сізге қажетті аударманы ұсынуға дайын екендігіне көз жеткізіңіз.

e-Learning курстарын локализациялауды түбегейлі орындаймыз. Біз курсты клиенттен қабылдаймыз, оны бөліктерге бөлеміз, барлық элементтерді (мәтін, сурет, аудио, видео) аударамыз және оны қайтадан біріктіріп, мінсіз локализацияланған толық өніммен қамтамасыз етеміз. Жұмыс барысында біз белгілі брендтердің бағдарламалық құралын пайдаланамыз: Articulate, Captivate, Lectora, Brainshark және басқалары.

  • Онлайн оқу
  • Оқу материалдары

ОНЛАЙН ОҚУ

Онлайн оқыту курстарына әртүрлі элементтер жиынтығы, оның ішінде аудио және видео материалдар, кескіндер мен мәтіндер кіреді. Егер сізге e-Learning курсын немесе электрондық оқыту өнімін әртүрлі тілдерге аудару қажет болса, барлық флеш нысандары мен бейне файлдарының сақтық көшірмесін жасау қажет. Осыған байланысты практикалық кеңестер – жеткізушіге InDesign файлдарын қоса, бастапқы файлдарды әрқашан жіберген дұрыс.

Janus Worldwide компаниясы бірнеше онжылдықтар бойы ауқымды электрондық оқыту курстары мен электрондық оқыту бағдарламаларында жұмыс істеп келеді, осы уақыт аралығында локализациялау үшін қажетті тәжірибе жинақтады:

  • онлайн оқу бағдарламалары;
  • компьютерленген оқу (CBT);
  • компьютера бақылауында оқу (CMI);
  • офлайн оқу материалдары;
  • XML негізінде оқу;
  • сертификаттау және бағалау бағдарламалары;
  • мультимедиалық қолданбалар;
  • білім беру қолданбалары;
  • бақылау сауалнамалар;
  • оқуды басқару жүйелері (LMS).

Janus компаниясын жазбаша және ауызша аударма қызметтерін орындау үшін A-CLID (ISO 17100 және ISO 13611 баламалары) сияқты реттеуші органдар сертификаттаған және ол оқу материалының түріне немесе оқуға арналған онлайн өнімдерге қарамастан жобаңызды жоғары стандарттарға сәйкес жүзеге асыру үшін қажетті білім мен дағдыларға ие.

ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

Оқыту барлық мамандықтар мен нарық сегменттері бойынша іргелі дағдылар мен маңызды хаттамаларды игеру үшін өте маңызды. 1996 жылы құрылғаннан бері, Janus компаниясы 80-нен астам тілде оқу материалдарын локализациялау бойынша сарапшы ретінде әртүрлі саладағы тапсырыс берушілермен жұмыс істеді.

Біз мамандандырылған оқу материалдарының келесі түрлерін аударамыз және бейімдейміз:

  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтар;
  • қызметкерлермен жұмысты жөніндегі нұсқаулықтар;
  • ақпараттық технолгиялар саласындағы пайдаланушы нұсқаулықтары;
  • медициналық білім саласындағы нұсқаулықтар.

Оқу материалдарын аудару кезінде назар аудару өте маңызды. Мысалы, еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы бойынша қате аудармалар қайғылы нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Janus компаниясында барлық сапаны тексеру жоғары салалық стандарттарға сәйкес тиімді түрде жүзеге асырылады.

ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТЫҢ МЫСАЛЫ

ENDE

Мультимедианы локализациялау процесінің схемасы

МАҚАЛАЛАР

ЖЕТІСТІК ТАРИХЫ