МОБИЛЬДІ ҚОЛДАНБАЛАРДЫҢ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

Бүгінгі таңда мобильді қолданбаларды кез келген жерде пайдалана береміз және өміріміздің барлық ауқымын қамтиды. Клиентпен кез келген уақытта және кез келген жерде байланыста болы – бұл шын мәнінде қызығарлықтай. Мобильді қолданбаны сапалы түрде локализациялау арқылы сіз әртүрлі халықаралық нарықтардағы клиенттердің мінездік сипаттарына және мәдениеттеріне, сонымен қатар өзге ерекшеліктеріне бейімделу арқылы олармен тиімді әрекеттесуге мүмкіндік аласыз. Клиенттер мобильді қолданбаларыңызды өз ана тілдерінде пайдалануды жоғары бағалайтындары сөзсіз.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ ҚАРАПАЙЫМ ТАПСЫРМА БОЛМАУЫ МҮМКІН. JANUS КОМПАНИЯСЫ – ТӘЖІРИБЕСІ МОЛ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК БЕДЕЛІ ҮЗДІК ЖЕТКІЗУШІ. БІЗ БЮДЖЕТ ШЕҢБЕРІНДЕ ДАЙЫН МАТЕРИАЛДЫҢ САПАСЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ УАҚЫТЫЛЫ ТАПСЫРЫЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРЕМІЗ.

МОБИЛЬДІ ҚОЛДАНБАЛАРДЫҢ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

Мобильді қолданбалардың оңтайлы локализациясы қазір сұранысқа ие болып тұр. Қолданба өмірдің барлық дерлік саласын қамтиды – қаржыны басқарудан бастап, GPS-навигацияға және әлеуметтік желілердегі сөйлесулерге дейін. Пайдаланушылар саны және әртүрлі функционалды қосымшаларды таңдау үнемі өсіп отырады. Мобильді қолданбалар өзіңіздің брендіңізді сату және ілгерілету үшін шексіз әлеуеті бар әлемдік нарыққа шығуды қамтамасыз ете отырып, жергілікті желіңізден шығуға мүмкіндік береді. Мобильді қолданбаларды локализациялау процесіне көптеген мамандар қатысады: аудармашылар, әзірлеушілер, әртүрлі тілдегі материалдарды кодтаушылар, сапаны бақылау, тестілеу және жобаларды басқару бойынша мамандар. Локализация сонымен қатар азиялық екі байтты таңбаларды, араб тілінің оңнан солға мәтінін, жергілікті API және басқа шешімдерді пайдаланып бағдарламалық жасақтаманы бейімдеуді қажет етуі мүмкін. Мобильді қолданбаны локализациялау өте қиын міндет бола алады, бірақ дұрыс көзқараспен нәтижелер барлық күткеннен асып түседі!

МОБИЛЬДІ ҚОЛДАНБАЛАРДЫҢ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕРДІ ҚАМТИДЫ:

  • пайдаланушы интерфейсінің локализациясы;
  • бағдарламалық құралдың мәтіндік жолдарын аудару;
  • локализацияланған файлдарды бағдарламалық құралдың жиынтығына кірістіру;
  • функционалдық тестілеу;
  • лингвистикалық тестілеу.

МАҚАЛАЛАР