ДЕРЕКҚОРЛАР ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

Дерекқорлар локализациясы – бағдарламалық құралды әзірлеу аясында да, сондай-ақ осы процеске тәуелсіз болуы мүмкін тапсырма. Janus Worldwide компаниясының сарапшылары дерекқорлар локализациясының (жолдарды локализациялаудан дерекқорларды клондауға дейін) әртүрлі әдістерін біледі және талаптарыңызға сай тапсырмаларды жүзеге асырудың ең жақсы нұсқасын ұсынады. Дерекқорды заманауи және сауатты локализациялау компанияңыздың ақпараттық технология құраушысына ақылды инвестиция болмақ.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ ҚАРАПАЙЫМ ТАПСЫРМА БОЛМАУЫ МҮМКІН. JANUS КОМПАНИЯСЫ – ТӘЖІРИБЕСІ МОЛ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК БЕДЕЛІ ҮЗДІК ЖЕТКІЗУШІ. БІЗ БЮДЖЕТ ШЕҢБЕРІНДЕ ДАЙЫН МАТЕРИАЛДЫҢ САПАСЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ УАҚЫТЫЛЫ ТАПСЫРЫЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРЕМІЗ.

ДЕРЕКҚОРЛАР ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

Дерекқорлар локализациясы – бағдарламалық құралды әзірлеу ауқымындағы стандартты тапсырма. Көптеген қолданбада нақты бір тілге қатысты ақпаратты сақтау үшін дерекқорлар пайдаланылады. Бағдарламалық құралды жаһандандыру процесінде әртүрлі тілдерге қолдау көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында дерекқорлардың құрылымын түзету орындалады. Әртүрлі тілдерді қолдайтын бағдарламалық құралды жасау кезінде уақыт пен шығынды азайту үшін, корпоративтік бағдарламалық құралды әзірлеудің бастапқы деңгейлерінде-ақ дерекқорларды жаһандандыру талаптарын ескеру қажет.

ДЕРЕКҚОРЛАР ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРТ ӘДІСІ БАР:

  • жолдар локализациясы – әр тіл үшін түпнұсқаның жолдарын көшіру;
  • жиектер локализациясы – локализацияланатын жиектердің мәндерін жаңарту;
  • кестелер локализациясы – жаңа тілдерді кестелерді қосу;
  • дерекқорларды клондау – әр тіл үшін дерекқорлардың көшірмесін жасау.

Осы әдістердің әрқайсысында өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Төмендегі кестеде локализация әдістері бір-біріне салыстырмалы түрде берілген.

ФункцияЖолКестеЖиекКлондау
Кез келген дерекқорға жарамды.
Дерекқорлардың құрылымын өзгертусіз локализациялауға болады.
Дерекқорлардың құрылымын өзгертусіз жаңа тілдерді қосуға болады.
Кеңейтілген деректерді қолдау.
Кез келген дерекқорға жарамды.
Жол
Кесте
Жиек
Дерекқорлардың құрылымын өзгертусіз локализациялауға болады.
Клондау
Дерекқорлардың құрылымын өзгертусіз жаңа тілдерді қосуға болады.
Жол
Клондау
Кеңейтілген деректерді қолдау.
Кесте
Жиек
Клондау

Janus Worldwide компаниясы кез келген әдіс бойынша жобаның жоғары сапасына және уақытылы орындалуына кепілдік береді!

МАҚАЛАЛАР