КОРПОРАТИВТІК БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

Бағдарламалық құралсыз ешқандай бизнес жұмыс істей алмайды. Корпоративтік бағдарламалық құрал – компанияның маңызды активі. Бағдарламалық құралды локализациялау оны түсінікті тілде пайдалануға, яғни жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, мұның нәтижелерінен көрінетіні сөзсіз. Janus Worldwide сарапшылары бағдарламалық құралды локализациялау туралы бәрін біледі, сонымен қатар қосымша қызметтердің кең ауқымын ұсынады: лингвистикалық және функционалды тестілеу, пайдаланушы интерфейсін локализациялық тестілеу және т.б.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ ҚАРАПАЙЫМ ТАПСЫРМА БОЛМАУЫ МҮМКІН. JANUS КОМПАНИЯСЫ – ТӘЖІРИБЕСІ МОЛ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК БЕДЕЛІ ҮЗДІК ЖЕТКІЗУШІ. БІЗ БЮДЖЕТ ШЕҢБЕРІНДЕ ДАЙЫН МАТЕРИАЛДЫҢ САПАСЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ УАҚЫТЫЛЫ ТАПСЫРЫЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРЕМІЗ.

КОРПОРАТИВТІК БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

Корпоративтік бағдарламалық құралдың негізгі тағайындалуы – бизнес логикасын қолдау функционалдығын қолдану арқылы кәсіпорынның өнімділігі мен тиімділігін арттыру. Корпоративтік бағдарламалық құрал немесе корпоративтік бағдарламалық қолданбалар, – үлкен ұйымдарда пайдаланылатын бағдарламалық құралға арналған жинақтама термин. Бағдарламалық өнімнің бұл түрі компьютерлендірілген ақпараттық жүйенің ажырамас бөлігі болып табылады және келесі бизнес-құралдарды қамтиды:

  • бизнес-аналитикаға арналған бағдарламалық құрал;
  • ERP және CRM жүйелері;
  • стационарлық компьютерге арналған қолданбалар;
  • вирусқа қарсы бағдарламалар;
  • электрондық оқу жүйелері;
  • компьютерлік жүйелерді басқару жүйесі;
  • серверлер мен жүйелерді басқаруға арналған қолданбалар.

Janus Worldwide жобаның мінсіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы аударма мен функционалды тестілеуді қоса алғанда, іскерлік бағдарламалық құралды локализациялау бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.

МАҚАЛАЛАР