ЖАЗБАША АУДАРМА

Janus Worldwide сарапшылары тобы жазбаша аударманы көптеген әртүрлі тілдерге және кең ауқымды тақырыптарда (ақпараттық технологиялардан, медицинадан, фармацевтикадан және өнеркәсіптен бастап, қаржы мен құқыққа дейін) орындайды. Бүгінгі таңда біз орындаған жазбаша аударманың көлемі 150 миллионнан астам сөзді құрайды. Біз сізге тілдік кедергіден оп-оңай өтіп, әлемнің кез келген еліндегі клиенттеріңізбен және серіктестеріңізбен тиімді әрекеттесуге көмектесеміз.

ЖАЗБАША АУДАРМА ҚЫЗМЕТТЕРІ

Аударма дегеніміз, аты айтып тұрғандай, жаңа нарықтарға шығатын компаниялар өз өнімдері мен қызметтерін шетелдік клиенттер мен тұтынушыларға ұсына алатындай етіп, материалды бір тілден екінші тілге аудару. Алайда табысты болу үшін барлық аударылатын материалдарды мақсатты аудиторияның мәдениетіне бейімдей отырып, локализациялау қажет.

Жаңа нарықтарға шығу – оңай шаруа емес. Тұтынушылардың 75%-ы өз тілдерінде ұсынылған өнімдерге тапсырыс беруді жөн көретіндіктен, жергілікті нарықтарға шығатын кез келді.

ЖАЗБАША АУДАРМА

Ірі және күрделі көптілді жобалар үшін болсын, шағын құжаттарды бір аударма тіліне аудару болсын, біздің өндіріс тобы жоғары сапаны қамтамасыз ету үшін бірдей стандарттарды ұстанады. Алайда ірі жобаларда процесті ұйымдастыру мен басқару үлкен маңызға ие. Масштабтық жобалар – біздің мамандануымыз. Оларда компанияның барлық потенциалы, яғни көп жылдық жұмыс тәжірибесі және заманауи аударма және бұлт технологиялары туралы білімі көрінеді. Біздің бірінші деңгейлі жоба менеджерлер тобының, оңтайландырылған басқару мен шешім қабылдау құрылымының, сапаны бақылаудың жүйелі және тиімді жүйесінің арқасында біз кез келген көлемдегі және күрделі лингвистикалық жобалармен тиімді жұмыс істей аламыз.

КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРДЕГІ АҚПАРАТТЫ АУДАРУ

Janus Worldwide сертификатталған аударма қызметтерінің кең спектрін ұсынады. Біз өз клиенттерімізге тиімді байланыс орнатуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі клиенттермен өзара әрекеттесуге көмектесеміз.

ОРЫС ТІЛІНЕ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ БАСҚА ТІЛДЕРІНЕ ЖАЗБАША АУДАРМА

Janus Worldwide кәсіби штаттан тыс және штаттан тыс мамандар құрамы орыс және ТМД елдерінің басқа тілдеріне, соның ішінде украин, беларусь, молдаван, армян, әзірбайжан, өзбек, қазақ, түркімен, қырғыз, тәжік, татар және т.б. жазбаша аударма жасайды. Біздің лингвистер әртүрлі тақырыптарда жұмыс істейді. Ол ақпараттық технологиялар мен медицинадан бастап өнеркәсіп пен энергетикаға дейінгі саланы қамтиды. Бірақ әр жағдайда жоғары сапалы аударма, тәулік бойы жұмыс істейтін мінсіз қызмет деңгейі, нәтижелерге және клиенттерге максималды көңіл бөлу бүкіл команда үшін өзгеріссіз қалады. Біздің мамандардың, жоғары лингвистикалық қана емес, сонымен қатар белгілі бір тақырып бойынша терең білімі бар. Ол шынайы сараптамалық аударма жасауға мүмкіндік береді. Осы себептен біздің клиенттеріміздің портфолиосы сан алуан болып ерекшеленеді. Janus Worldwide компаниясында кеңселер желісі бар: компанияның өкілдіктері Ресейде (Мәскеу, Нижний Новгород, Санкт-Петербург, Томск), Украинада (Киев) және Қазақстанда (Алматы) орналасқан. Бұл біздің тағы бір бәсекелестік артықшылықтарымыз болып саналады. Бұл құрылым клиенттерге серіктестіктің ең қолайлы шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Janus компаниясы клиенттеріміз тиімді байланыс орнатып, әр түрлі елдердің клиенттерімен өзара әрекеттесе алатын көптеген аударма қызметтерін ұсынады.

МАҚАЛАЛАР

ЖЕТІСТІК ТАРИХЫ